• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:58:33
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2019 NEWS

Студент: Оқуға 800 мың теңге төлейміз, онымен қоймай әжетхананы жуамыз ба?

Әлеуметтік желіде әжетханада  медицина студенті мен университет қызметкері арасындағы ұрыс туралы видео тарап кетті.

 "Мен дәретхананы жумаймын". Ақтөбе медициналық университетінің студенті жоғары оқу орнының  профессорына шағымданды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтының дерегін негізге ала отырып. 

Әлеуметтік желіде әжетханада  медицина студенті мен университет қызметкері арасындағы ұрыс туралы видео тарап кетті. 

Видеода студент қыздың әжетханада қолына қолғап  киіп, шелек ұстап тұр. Қыздың жанында тағы бір әйел бар. Екеуі бір-біріне дауыс көтере сөйлейді. 

— Мен жай ғана жақсылап жуғым келді - дейді қыз.

— Жу, жақсылап жу - деп жауап береді әйел

— Әжетхананы жумаймын, қалай сасып тұрғанын көрмей тұрсыз ба - дейді ашуланған қыз. 

Бұдан кейін олардың әңгімелері тіпті дөрекілене түсті, бір - біріне айқайлай бастады.

Осы оқиғаға байланысты есімін жасырып қалған әлеуметтік желі қолданушысы Марат Оспанов атындағы ЗҚММТУ профессоры және стоматология бөлімінің меңгерушісіне: Оқу ақысына 800мың теңге төлейміз, онымен қоймай әжетхананы да тазалауымыз керек пе? - деп ренішін білдірген. 

Ал, Батыс Қазақстан медицина университеті ол күні жоғары оқу орнында  сенбілік болғанын айтқан.

"Марат Оспанов атындағы ЗҚМУ басшылығының шешімімен стоматология факультетінің оқу аумағын кеңейту бойынша қосымша үш қабат және имитациялық орталық ашылған болатын. Осы ғимараттардың күрделі жөндеуіне байланысты факультеттің және жоғары курс студенттерінің қатысуымен еріктілер жұмысын ұйымдастырдық, бұл жағдай сол күні орын алған" - деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Университеттің ректоры Ербол Бекмұхамбетовтың тапсырмасы бойынша, оқиғаның барлық жағдайларын түсіндіру үшін комиссия құрылып, оның жұмысының қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатын  мәлімдеді медицина университеті.

Аударған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір