• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:02:27
Алматы
+35°

08 Сәуір, 2017 NEWS

Стокгольмдегі терактіге қатысы бар екінші күдікті ұсталды

Швеция полицейлері Стокгольмдегі терактіге қатысы бар делінген екінші күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды

Швеция полицейлері Стокгольмдегі терактіге қатысы бар делінген екінші күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Reuters порталына сілтеме жасап. SVT телеарнасының мәліметінше, ер адам Стокгольм қаласының маңында қамауға алынды. Сондай-ақ, соңғы мәліметтер бойынша, терактіден қаза тапқандардың саны төртке жетіп, он екі адам жарақат алған.

Еске сала кетейік, Стокгольм қаласындағы жаяу жүргіншілерге арналған Дроттнинггатан көшесінде жүк көлігі бір топ адамды қағып, үшеуін мерт қылды, тағы сегіз адам жарақат алды. Бұл туралы Швеция радиосы оқиғаның куәгеріне сілтеме жасап хабарлады. Полиция жаяу жүргіншілерді қаққан күдіктіні ұстады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір