• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 22:19:09
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2019 NEWS

Статистика комитеті Қазақстандағы халық санының нақты дерегін жариялады

2018 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 235,8 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті...

2019 жылғы 1 сәуірде еліміздегі халық саны 18448,6 мың адамға жетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Оның ішінде қалалық тұрғындар саны – 10734,2  мың (58,2%), ауылдық тұрғындар –7714,4 мың адам (41,8%). 

Қазақстан статистика

2018 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 235,8 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсім: Шымкент (52,7 мың адам), Нұр-Сұлтан (50,3  мың адам) және Алматы (49,9 мың адам)  сынды республикалық маңызы бар қалаларда анықталды. 

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір