• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:10:06
Алматы
+35°

12 Мамыр, 2017 Әлеумет

Сталиннің жеңіске жетуіне жыныстық қатынастың қандай қатысы бар?

Соғыс кезінде түрлі тактикалар мен идеологияларды қолдануға болатыны белгілі. Алайда жыныстық қатынастың соғысқа қандай қатысы бар деп ойлап отырған шығарсыз....

Соғыс кезінде түрлі тактикалар мен идеологияларды қолдануға болатыны белгілі. Алайда жыныстық қатынастың соғысқа қандай қатысы бар деп ойлап отырған шығарсыз. Сталиннің соғыс кезінде ойлап тапқан бұл идеологиясы жеңіске жетуге көмектесті деген де пікірлер бар. Жыныстық қатынасты пайдалана отырып қалай жеңіске жетуге болады? Соғыс кезінде жауынгерлер жыныстық қатынасқа түскен бе? Бұл сұрақтардың жауабын Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде  Қызыл әскердің күші өте төмен болған. Орыс жауынгерлерінде ешқандай күш қалмады. Сондықтан олар үшін ерекше идеология мен жауынгерлерді ынталандыру жұмыстарын жүргізу керек еді. Олардың жыныстық қатыаспен байланысты иделогиясы Қызыл әскерге күш беріп, жеңіске жетелеген.

Соғыс кез-келген жауынгердің денсаулығымен қатар жүйкесіне де әсер ететіні анық. Орыс әскерлерінің көбі соғыс жылдары стресске душар болып, күшінен айрыла бастаған. Соғыстан қорыққандығымен бірге шаршай бастағандары да олардың жеңіске деген ұмтылысын бәсеңдетті. Сол кезде оларға қосымша күш беру мақсатында жыныстық қатынасқа арнайы уақыт белгіленіп отырған.

Алайда олар алдына келген кез-келген қызбен жыныстық қатынасқа түспеген. Сонымен бірге оларды арнайы командир шектен шығып кетпес үшін бақылап отырыпты. Жауынгерлер өздерін қанағаттандырып болған соң, өз қызметтеріне кірісіп, өздеріне берілген тапсырманы жоғары деңгей орындай бастады.

Бірақ кейіннен жауынгерлердің жабайы әрекеттерге барғандығы жөнінде түрлі деректер пайда болды. Жыныстық қатынастан кейін көптеген қыздардың мәйіті табылып отырған. Бұл туралы Леонид Рабичевтің кітабынан оқуға болады.

«Үш үлкен бөлме, екі әйелдің және екі қыздың мәйіті. Олардың белдемшелері жыртылып, аяқаттары жырылған. Үйдің ішінде екінші есікті аштым. Ол бөлмедегі әр төсекте әйелдердің мәйітін көрдім»,- деп жазады Рабичев өз кітабында.

Осы оқиғаға қарағанда орыс жауынгерлері тұтқынға түскен әйелдер мен қыздарды да зорлап отырған. Бұл олардың тұқымын құрту үшін де арнайы жасалған идеология тәрізді. Ең сұмдығы Рабичевтің кітабынан жоғарыда айтылған оқиғаға ұқсас жайттардың  10 шақтысын оқуға болады екен.

Қыздар мен әйелдерді зорлап, оларды қатыгездікпен өлтіру орыс жауынгерлері үшін жай ғана көңіл көтеруге айналған. Қаншама жас қыздар олардың құрбанына айналды? Айта кететін бір жайт олар зорлаған қыздардың көбісі өзге ұлт өкілдері. Олардың арасында қазақ қыздары бар деген ақпарат әзірге жоқ. Бірақ Сталин өзге ұлттарды құртып, жауынгерлердің күшін нығайту үшін осы идеологияны ойлап тапқан. 

Шолушы: Әсел Өтешова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір