• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:00:18
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2018 Экономика

СҚО экономикасының өсу қарқыны республикалық орташа көрсеткіштен асып түсті

Бүгін облыстық әкімдіктің отырысында 2018 жылдың алғашқы үй айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды.

Бүгін облыстық әкімдіктің отырысында 2018 жылдың алғашқы үй айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды.

Статистика департаментінің басшысы Марал Нұржауыпованың айтуынша,  2018 жылдың алғашқы тоқсанында СҚО құрылыс қарқыны бойынша 16 өңірдің ішінен 1-ші орынға ие болды. 5,8 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жасалды, өткен жылмен салыстырғанда бұл екі есеге жоғары. Биыл 22 мың шаршы метр болатын 200 пәтер қолданысқа берілді.

Өнеркәсіп саласында 64 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Қайта өңдеу өнеркәсібінде өсім 107,7 % құрады. Азық-түлік өндірісі 36 пайыз, пластмасс бұйымдарын өндіру 18 пайызға артты. Алғашқы үш айда ауыл шаруашылығында  22,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді. 

Өңір басшысы облыста экспорттың көлемі 1,6 есеге артып, импорттың керісінше азайғанын баса айтты. «Осы қарқынды сақтау керек» деп  Құмар Ақсақалов  аудан әкімдеріне тапсырма берді. Жалпы, облыс әкімі алғашқы тоқсандағы экономиканың дамуы көрсеткіштеріне көңілі толды. 

-Бізде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жаман емес. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 108,4 пайызды құрады. Республика бойынша бұл көрсеткіш - 105,3 пайыз. Яғни, облыс экономикасының даму қарқыны орташа республикалық көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Жыл қорытындысы бойынша біздің көрсеткіштер кем дегенде республикалық деңгейде болып, тіпті одан асып түсу керек, - деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Жоғары нәтижелерге ауыл шаруашылығын әртараптандырудың арқасында қол жеткізуге болады. Майлы дақылдардың алқаптарын ұлғайту бюджетке қосымша 60-70 млрд.теңге қаржы құяды. Өнеркәсіп және құрылыс салаларында да екпінді өсім күтілуде. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір