• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:40:12
Алматы
+35°

21 Шілде, 2017 NEWS

СҚО-да фермада 120 доңыз өртеніп кетті

Өрт салдарынан бастапқы мәлімет бойынша 28 шошқа мен 95 торай қырылды

Солтүстік Қазақстанда шошқа фермасында 120-дан астам шошқа өртеніп кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті мәліметіне сүйеніп.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 шілде күні сағат 18:39-да Тайынша ауданы Тайынша қаласының №17 өрт сөндіру бөлімшесіне "Мериан" ЖШС директоры хабарласып, аудан орталығынан 14 шақырым қашықтықтағы Новоивановка ауылында шошқа кешені өртеніп жатқанын жеткізген.

"Қоңырау бойынша өрт сөндірушілер бірден аттанып, төтенше оқиға орнында аумағы 3 мың 600 шаршы метр ғимарат лаулап жанып, көк түтінге оранғанын көрген. Өрт туралы хабар кешіктіріліп жеткізілгендіктен, жалын үлкен аумақты алып кетіпті. Өрт салдарынан бастапқы мәлімет бойынша 28 шошқа мен 95 торай қырылды", — деп мәлімет берді Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент.

"Өрт сөндірушілердің біліктілігі мен шапшаңдығының арқасында, шошқа кешенінің басқа ғимараттарын аман алып қалдық, кешен жұмысшылары зардап шеккен жоқ", — деді ведомствоның өрт сөндіруді ұйымдастыру және апаттық құтқару бөлімінің басшысы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Дмитрий Рябенко.

Бастапқы болжам бойынша, өртке қысқаша тұйықталу себеп болған екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір