• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 15:22:55
Алматы
+35°

19 Шілде, 2018 NEWS

Сот жүйесін цифрландыру Халықаралық прокурорлар қызығушылығын тудырды

ҚР Бас прокуратурасында Халықаралық прокурорлар ассоциациясының президенті Герхард Ярошпен кездесу өтті

Еліміздегі сот саласын гуманизациялау мен цифрландыру Халықаралық прокурорлар қауымдастығының қызығушылығын оятты. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі digitalkz.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

17-ші шілдеде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Халықаралық прокурорлар ассоциациясының президенті Герхард Ярошпен кездесу өтті. Басқосудағы негізгі мақсат -  еліміздегі қылмыстық сот төрелігі саласындағы реформалармен таныстыру.

Кездесу барысында қылмыстық процесті цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бері 4 мыңнан астам қылмыстық іс электорондық форматта тергеліп жатқандығы туралы айтылды. Қазіргі таңда 1,8 мың іс сотқа электронды түрде жолданған. Оның ішінде 1,3 мыңы қарастырылып, тиісті шешімдер шығарылыпты.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, түрмелердің халықаралық рейтингісінде Қазақстанның 3-тен 82-деңгейге көтерілген. Осы көрсеткішке байланысты еліміздің қылмыстық саясатты күшейту мәселелері әлемдік прокурорлардың қызығушылығын оятыпты.

Соңғы кезеңде сот саласында жасалып жатқан оңтайландыру жұмыстарынан елімізде түрмеде отырғандардың саны 66 мыңға азайған (100 мыңнан 34 мыңға). Бұл соңғы 27 жыл бойынша көрсеткіш. Бұған қоса, 8 колония жабылып, жыл сайынғы бюджет қаражаты 12 млрд теңгеге үнемделді.

Ал, түрмедегілер санының азаюы криминогенді жағдайды нашарлатқан жоқ, керісінше жыл сайын қылмыстардың қайталануы 7-10 пайызға төмендеп жатыр.

Қазақстандық прокурорлардың пікірінше, істерді жаңа форматта тергеу қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын сақтау кепілдігін беріп, дәлелдерді бұрмалау мен сан түрлі заңнаманы бұзу фактілерін азайтады. Отандық прокурорлардың осы пайымымен шетелдік құқық қорғау қызметкерлері толықтай келісті.

Кездесу соңында Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Герхард Ярош қазақстандық тарапты жылы қабылдау және конструктивті тәжірибе алмасқандары үшін алғысын жеткізді. Сонымен қатар, ынтымақтастықтың одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.    

Айта кетейік, еліміздегі сот жүйесін цифрландыру нәтижесінде соңғы жылдары бұл салаға ақпараттық технологиялар енгізіле бастады. Яғни, сот залдары қазіргі заманға сай сапалы аудио-бейнежазба жүргізуге арналған техникалармен жабдықталып, барлық іс-қағаздар мен құжат айналымдары электрондық форматқа ауысты. Сонымен қатар, бірқатар электрондық сервистер жұмыс істейді. Атап айтсақ, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті», дыбыс бейне жазба құрылғысы, бейне-конференц-байланс жүйесі, «Электронды қылмыстық іс» жобасы, электрондық цифрлық қолтаңба, «Виртуалды сот» жобасы, «құқықтық қызмет орталығы» мен «тергеу соты» жобасы жұмыс істейді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір