• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:33:01
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2018 NEWS

Сот Ерлан Біләлге үкім шығарды

Сотталушы бір ай ішінде айыппұлды төлемесе, үш жылдан жеті жылға дейін түрмеге отырғызылуы мүмкін.

Алматының Алмалы аудандық сотында Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләлге үкім шықты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Судья Қуаныш Әріпов Ерлан Біләлді Қылмыстық кодекстің 24-бабының үшінші тармағы (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 366-бабының екінші тармағы (Пара алу) бойынша айыпты деп танып, 52,5 миллион теңге айыппұл салды. Айыппұлды бір ай ішінде төлемесе, үш жылдан жеті жылға дейін түрмеге отыруы мүмкін екенін ескертті. Сонымен қоса мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Қуаныш Әріпов «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс жасады.

Естеріңізге салсақ, Ерлан Біләл 5 қаңтарда ұсталған еді.  8 қаңтарда зиялы қауым өкілдері Ерлан Біләлді қорғап, сөз сөйледі. 16 қаңтарда актердің 1 205 000 теңге көлемінде кепілге ақша төлегені белгілі болды. 25 қаңтарда Алматыдағы Алмалы аудандық сотында Ерлан Біләлдің соты басталды. 

Соттағы соңғы сөзінде Ерлан Біләл өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан. Әртіс судьядан денсаулығы мен отбасылық жағдайын ескеруді өтінді. Бас бостандығынан айырмауды, мүмкіндігінше айыппұл сомасын төмендетуді сұрады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір