• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:53:13
Алматы
+35°

28 Тамыз, 2018 NEWS

Солтүстік Қазақстанда жаңа мешіт ашылды

Жаңа мешіт қаланың айшықты орнына айналды.

Петропавлдағы 20 ықшам ауданында жаңа мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа мешіт 500 адамға шақталған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ашылу рәсіміне облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов қатысты.

Мешіт

Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген өңір басшысы жаңа мешіттің ашылуы облыстың мұсылман қауымы және тұрғындары үшін үлкен оқиға екенін атап өтті. Қазір облыста әртүрлі конфессиялардың өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, облыстың және еліміздің дамуына зор үлестерін қосуда.

Жаңа мешіт қаланың айшықты орнына айналды. Мешітің құрылысына 1,4 га аумақ жер бөлінді. Ғимараттың аумағы 2793 шаршы метрді құрайды. Жаңа мешіт ислам дәстүрлері мен ережелеріне сай бой көтерді. Ғимарат үш деңгейлі күмбез бен 4 бірдей мұнарадан тұрады. Симметриялық көп қырлы мұнаралардың биіктігі 42 метрді құрайды.

Мешітті абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді. Мешіттің жанына субұрқақ  орнатылып, келушілерге ыңғайлы орындықтар қойылды. Жуық арада бұл жерде кіші саябақ ашылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір