• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:16:22
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2019 Ғылым-білім

Солтүстік Қазақстанда қазақ тілі курстарына қызығушылық артуда

Сондай-ақ, облыста қазақ тілінде білім алып жатқан оқушылардың да саны артуда.

СҚО әкімдігінің отырысында тілдерді дамытуға арналған бағдарламаның жүзеге асырылуы талқыланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда облыста қазақ тілін оқытуға арналған курстар үлкен сұранысқа ие. Егер 2016 жылы тілдерді оқыту орталығында курстарды 2 мың адам тәмамдаса, қазір орталықта 2800 солтүстік қазақстандық оқуда. Орта деңгейде оқып жатқан адамдардың да саны артуда, 11 ден 30 топқа дейін. Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде 15 мыңнан аса адам «Қазтест» сертификатына ие болды. СҚО әкімінің айтуынша, бұл жұмысқа облыс тұрғындарын көптеп тарту қажет.

 «Жыл сайы міндетті түрде өсім болу керек. Өйткені, мемлекет бұл салаға көп қаражат жұмсауда. Тілдерді үйренуге арнайы механизмдер жасалған», - деді Құмар Ақсақалов.

 Сондай-ақ, облыста қазақ тілінде білім алып жатқан оқушылардың да саны артуда. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш 59 пайыздан 69 % дейін көбейді. Былтыр мектеп түлектерінің 76 пайызы қазақ тілін В1 деңгейінде меңгерді. 2017 жылы бұл көрсеткіш 70% құраған болатын.

Ұсынған: Жазира Байдалы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір