• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:17:34
Алматы
+35°

05 Шілде, 2017 NEWS

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің активіне өзінің жаңа орынбасарын таныстырды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің активіне өзінің жаңа орынбасарын таныстырды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Республикасы Президенті  Әкімшілігінің келісіміне орай облыс әкімінің өкімімен Жандарбек Дәурен Жандарбекұлы  Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің индустриялық-инновациялық даму, инвестициялар тарту, кәсіпкерлік және туризм бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Дәурен Жандарбекұлы 1981жылы Жамбыл облысының Шу ауданындағы Ленин ауылында туған. М.Х.Дулати атындағы Қазақ экономика университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын экономист, заңгер,  саясаттану мамандықтары  бойынша бітірген. Дәурен Жандарбек әлеуметтік  білім магистрі, қазақ , орыс , ағылшын және  түрік тілдерін меңгерген

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және  және бәсекелестікті қорғау  агенттігі департаментінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту бөлімінің жетекші  маманы болып бастады.

2005 жылдан 2015 жылға дейін бөлімнің жетекші маманынан Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және  және бәсекелестікті қорғау агенттігі  департаментінің басшысына дейінгі жолдан өтті.

2015-2016 жылдары  –   Еуразия  экономикалық комиссиясында мемлекеттік сатып алу саласында саясат бәсекелестігі және  саясат департаменті  директорының орынбасары қызметін атқарды.

2016 жылдан осы тағайындауға дейін Еуразия  экономикалық комиссиясында мемлекеттік сатып алу саласында саясат бәсекелестігі және  саясат департаменті  директоры болып еңбек етті.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Дәурен Жандарбекке жаңа қызметінде жетістік тілеп, өңірде жеке инвестицияны тарту және көбейту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

«Біздің мол инвестициялық мүмкіндігіміз бар. Әсіресе Ресей Федерациясымен және Қытаймен бірлесе іс-әрекет етуге ерекше көңіл аудару керек. Сонымен бірге тоқтап тұрған кәсіпорындар  қызметін  жандандыру бойынша  жұмысты күшейту қажет. Өнеркәсіптің  негізгі салалары жұмысын қолға алу керек.  Оның ішінде – ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды. Әрбір ауданда  индустриялық-инновациялық  жобалар болуға тиіс», – деді Құмар Ақсақалов.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір