• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:39:03
Алматы
+35°

12 Мамыр, 2019 NEWS

Соғыстағы жеңіс туралы дау: Қытай азаматы америкалықтың мұрнын сындырды

Ауруханада жатқан америкалық азамат денсаулығының нашарлығына байланысты баспасөзге түсініктеме беруден бас тартты.

Париждегі "Мәңгілік полк"  шеруінде полиция қызметкері америкалық және қытайлық азаматты тұтқынға алды. Баяндамада көрсетілгендей, жанжал тудырған екі азамат шеру жолағының екі жағында көрермен болып тұрған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Мен Чарльз Элизис бойымен жүріп, шеруді толық тамашаладым. "Мәңгілік полк" жайлы естігенмін және оның Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандарға арналғанын білетінмін. Біздің елде бұл жағдай жақсы көрініс тапқан. Үнсіздікпен тамашалап тұрғанымда, жаныма бейтаныс адам келіп, шерудің не туралы екенін сұрады. Азаматтық борышым ретінде екі ауыз сөзбен түсіндіріп бердім. Ол кенеттен бұл соғыста Америка мен Канаданың жеңіске жеткенін айтты. Мен ССРО-ның жеңіске жеткенін түсіндіргім-ақ келді, бірақ америкалық азамат келіспеді. Ашуға булығып өзімнің бокс шеберлігімді қолдануға тура келді. Байқаусызда мұрнын сындырып, тістеріне зақым келтірдім", - деді ҚХР азаматы. 

Ауруханада жатқан америкалық азамат денсаулығының нашарлығына байланысты баспасөзге түсініктеме беруден бас тартты.  

Қоғамдық тәртіпті бұзғандардың сот отырысы 18-мамырда өтеді. Жекпе-жектің қатысушыларына ақшалай айыппұлдар және Франциядан депортациялаумен қаупі төніп тұр.

Ұсынған: Бек Байтас

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір