• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:40:00
Алматы
+35°

14 Қазан, 2017

Сіз оқымайтын әңгіме

Жастардың кітап ұстап, газет оқып жүргенінен хабарымыз бар. Тек, оны айта берсек, көз тиіп қалатындай...

         Қоғамдық орындарда егде кісілердің газет оқып отырғанын жиі байқаймыз. Әрине, орысша. Қателеспесем, газет ұстаған адам да орыс. Қазақ тілінің сөйленбеуі хақында әңгіме қозғалған жерде оның оқылмауы да заңды секілді. Бұрыннан ұрандалып келе жатқан «кітап оқымайдыны» емес, «қазақ газеттерін кім, қалай оқып жүр?» дегенге тоқталғанымыз дұрыс-ау.

         Түрлі техникаға тәуелді болған санамызда газет туралы мынандай бір көрініс жатталып қалыпты: газет оқып отырған қария. Иә, қазір газет оқу сән емес. Сол себептен болар қоғамда «газеттің болашағы бұлыңғыр» деген пікір қалыптасқан. Өйткені қаладағы кез келген дүңгіршекке қазақ басылымдарын іздеп барсаңыз, таппайсыз. Егер тауып жатсаңыз, сүйінші сұраңыз! Қалалық қазақтар көбіне орысша оқиды. Қазақ газеттерінен оқитын дүние таппағандық па, яки бәсекеге жарамағандығынан ба, сұрамадық. Ал ауылдық жерлерде әр шаңырақтан бір-екі газеттің сұлбасын байқайсыз. Ең алдымен аудандық басылым, әрине, одан соң облыстық, кейінгі кезекті «Егемен Қазақстан» алады. Аталған газеттерге жұмыс орны талап еткен соң жазылатыны да белгілі жағдай. Мұндайда «газет оқитын әдебиет сүйер қауым аман болсын!» деп іштей күбірлеп отырасың. Айттың не, айтпадың не...

P.S.:«Газетті қариялар ғана оқи ма екен? Білмесеңіз, біз де оқимыз...» деп тулап отырсаңыз, сабыр етіңіз. Бүгінгі жастардың кітап ұстап, газет оқып жүргенінен хабарымыз бар. Тек, оны айта берсек, көз тиіп қалатындай...

Маржан ӘБІШ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір