• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:28:47
Алматы
+35°

17 Қазан, 2018 Ғылым-білім

Сіз Атадан тудыңыз ба әлде айуаннан ба һәм «Неке» мен «брак» сөздерінің құпиясы

Демек, НЕКЕНІҢ толық мағынасы НҰҚ ӘКЕ. Европа құрылығы атауы түбірінің Ева (әйел) болатыны осыдан.

                                          Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

                                                                      Ерлан Сағадиев мырзаға

 

                                                                А Ш Ы Қ   Х А Т

Мектеп бағдарламасынан Дарвин теориясын алып тастауды ұсынамын!

       Біз (Шығыс халқы) алғашқы Атамыз бен Анамызды – Адам Ата және Хауа Ана деп аса құрметпен атаймыз. Ал, Батыс халқында ондай құрмет көрсетілмейді. Оларды  ауыл-үйдің ессіз ойын баласындай, немесе құрдасындай етіп, жай ғана «Адам и Ева» деп атайды.

       Біз бұл атаудан Ата мен Ананың құрметтелуі шығыстан яғни Қазақиядан басталғанын көреміз. Қазақияның сөз түбірі, яғни өз түбі (өз атасы) Азия болатыны осыдан. Азия құрылығы атауының да шығу тегі осы.

      Ал, енді осы Азияға жалғасып жатқан құрылықтың Европа деп аталатынына келсек, Европаны сөз түбірі (өз түбі) Ева болады. Міне, осыған сәйкес, Ева, Европа, Евангелие, Евгеника,  Дева, Дева Мария, девушка т.т. болып жалғасып кете береді. Бүгінгі кейбір азаматтарымыздың өз тектерін «ев», «ич» деп жазып жүргендері де осыдан. Ақиқатында, бұл мен қазақ емеспін, қазаққа жиенмін, яғни менің тегім қыздан тарайды деген сөз. Ал, олардың қозғаушы күштері, сөз түбірі айтып тұрғандай еврейлер болып табылады.

       Түсініктеме: Европа құрылыққа жатпайды. Әлемдік ғылыми тұжырым бойынша құрылықтар толықтай сумен (мұхиттармен) қоршалып жатулары тиіс. Европа олай емес. Европа Азия құрылығына жалғасып жатыр.

       Қазақи шежіре оларды Жиендер елі деп атайды.  Мысалға, солтүстіктегі көршіміз орыс елін алсақ, ежелгі тарихшылар оларды жиендер елі деп атаған. Жиен деп Қазақ қыздан туған ұрпақты айтады. Ақиқатында да, бүгінгі орыстар өздерін Атадан емес, Анадан таратады.

      Бұл тұжырымға айдай айғақ болатын, орыста «брак» (неке) деген сөз бар. Осы ұғымның мағынасына үңілсек, мына жағдайды айқын көрер едік.

        Маймылды адамзаттың атасы деп таныған батыс ілімі Адам баласының Адам ата мен Хауа анадан тарайтынына, сол аталарымызды балалары әке дегенін, ал сол әкелердің балалары әкесінің әкесін Ата деп, ал оның ұрпақтары немере, шөбере, шөпшек, немене т.т. деп аталып, алдындағы аталардың барлығын  Ада (Ата), Адам (Атам, Атам менің, немесе менің Атам) деп аталып келе жатқанын түсінуге де саналары яғни ақылдары мен білімдері жетпей келеді.

        Бұл ұғымдардың бастау алатын жері сонау бастапқы дәуірде Адам Ата мен Хауа Ананың өздері және ұрпақтары некеге отырып, солардың ақ некесінен тараған ұрпақ Аталық текті қуалап келеді. Олар өздерін дүниеге әкелген ер адамды әке деп атады. Н-екенің сөз түбірі еке (әке) болатыны осыдан. Ал, әкенің (екенің) алдындағы «Н» дыбыс-таңбасы әрқашанда Нұқ пайғамбар атамыздың есімін береді.  Демек, НЕКЕНІҢ толық мағынасы НҰҚ ӘКЕ. Бұл жерде «авторлық құқық» сақталып тұр.

Сол замандарда тура қазіргідей «азаматтық некеде» ғұмыр кешіп жатқандар мен бір әйелдің бірнеше еркекпен бірге тұратындары сияқты екінші бір топ пайда болып, олар некесіз бей-берекет еркін өмір сүруге көшкен еді. Олардың қоғамдарында жетекшілік рөлді әйелдер атқарды. Балалары атасы түгілі, әкелерін де білмейтін. Тек аналарын білетін. Ол тарихта «матриархат» кезеңі деп аталған. Кейіннен бұлай бей-берекет некесіз қарым-қатынастың зиянды екеніне көздері жеткеннен кейін, олардың арасынан да қайтадан ерлер мен әйелдердің жұптасып өмір сүруі жайыла бастады. Олар жұптасып ғұмыр кешушілерді өз қажеттіліктеріне жарамсыз деп тауып, өз қатарларынан шығарып тастап отырды, яғни «браковать» етті. Сол замандардан бері көптеген Европа халқы және солардың жолын ұстанған мына солтүстіктегі көршіміз де некені «брак» деп атап келеді. Демек, олардың бәрінің неке жайлы түсінігі осындай. Европа құрылығы атауы түбірінің Ева (әйел) болатыны осыдан.

Олар жаттың ықпалына еріп, аталық текке қарсы шығамын деп, өз тектерін маймылдан (айуаннан) таратып, аса өрескел қате тұжырым жасады. Олардың өз аналарының маймылмен (айуанмен) некеге отыра алмайтындарына да білімдері жетпей келеді.

Кешегі қозғаушы күші жебрейлер болған Кеңестік билік Қазақстанның барлық мектеп оқулықтарының бағдарламасына Адамзаттың атасы Адам Ата емес, маймыл (айуан) деген негізсіз болжам, сорақы тұжырымды енгізді. Міне, содан бері үш ғасырға жуық уақыт өтті, европалықтар  айуаннан адам жасаймын деп, қаншама сынақ жасады, қаншама миллиардтаған қаражатты желге шашты. Жасай алмады. Жасай да алмайды. Қазір ондай сынақ жасауды толықтай тоқтатқан. Себебі, тіршілік иелеріне сана беру тек қана Ұлы Жаратушы Алламен нәсіп етілген. 

 Міне, осыны жақсы түсініп, бағдарламасын толықтай өзгерткен түбіміз бір бауырлас еліміз Түркия мемлекеті болды.

«Түркияның мектеп бағдарламасынан Дарвин теориясы алынып тасталды» деп хабарлады 24.kz (17 қаңтар 2017 жыл)

«Түркияның Білім және ғылым министрлігі Исмет Йылмаз Дарвин эвалюциясы жай ғана теория екенін мәлімдеді. Түрік оқушыларына бұдан былай Чарльз Дарвин эвоюлюциялық теориясы туралы айтылмайды. Бұл туралы Түркияның Білім және ғылым министрлігі Исмет Йылмаз мәлімдеді, деп хабарлайды Turkishminute порталы.

Министрдің айтуынша, жаңа оқу бағдарламасы биылғы оқу жылына енгізіледі. Жоғары сыныптардың биология пәнінің оқулықтарынан эволюциялық теория алынып тасталды. Оның орнына қоршаған ортаның генетикалық өзгерістерге ықпалы туралы тарау қосылады.

Ведомство басшысы министрліктің бұл шешімі туралы журналистердің сұрағына Дарвин бойынша эволюция – «бұл жай ғана теория» деп жауап берді. «Дарвиннің еңбегі – бұл тек теория, ғылым осылай дейді. Дәл осындай физикадағы Үлкен жарылыс теориясы бар. Бұл жеке талқылауды қажет етеді», - деп түсіндірді Исмет Йылмаз». 

Біздің Ата шежіремізде, Ата дінімізде Дарвин ілімін толықтай жоққа шығарады.                                                

«Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!»,- деген еді. (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз» деді. Алла: «Мен сендердің білмегеңдеріңді жақсы білемін!»,- деді. (Алла Адамды топырақтан жаратып оған жан салды". (Бакара сүресі, 30 аят)?

Қазіргі «ғылым» айтып жүргендей, адамзат маймылдан емес, алғашқы Адамды Ұлы Жаратушы – Алла топырақтан жаратты.

 «Ей, адамдар! Негізінде, Біз сендерді бір ер және бір әйелден жараттық, әрі сендерді бір-бірлеріңді танып, білулерің үшін халықтар (ұлттар) мен рулар етіп жасадық» (Құран Кәрім. Әл-Хужурат сүресі. 13 аят). 

Тәпсір: Аса ұлы Алла адам баласының шығу тегі, түбі бір екендігін баян етті. Бүкіл адамзат Адам ата, оған Алланың сәлемі болсын және Хауа анадан тарайды. Алла олардан көп адамдар таратып, оларды бір-бірлерін тануы үшін үлкен халықтар, сондай-ақ кішігірім ру-тайпалар түрінде бүкіл жер бетіне жайды. Сондықтан әрбір адам өзінің шыққан тегін, елін білуі қажет. Алайда Алланың алдында адамдардың ең қадірлісі – барлық жағдайда тек аса ұлы Аллаға бойсұнып, күнәлардан сақтанған ізгілері. А.Саъди. Бұл аятта нәсілшілдікке де (расизм М.Қ.), ұлтсыздыққа да (интернационализм М.Қ.) тыйым салынған. Қар: Әл-Манси.

Демек, Қазақстанның өзін  мұсылман мемлекеті деп жариялай тұрып мектеп оқулықтарында Адам маймылдан жаралған, Адамзаттың атасы маймыл деп оқытылуы еш бір ақылға сиятын дүние емесі анық.

 Қазір Қазақстанда қарттар үйі жауыннан кейінгі саңырауқұлақтардай қаптап, көбейіп барады. Неге? Бәрі осындай теріс тәрбиенің жемісі. Шынында да, үкіметіміз балаларымызды мектеп те «Сенің атаң Адам Ата емес,  маймыл (айуан) деп оқытса, оларды төріне шығарып қойып, ол бала мәңгі бақи қалай бағады. Қазіргі қартайған Ата мен Аналарға және өздерінен жасы үлкендерге көрсетіліп жатқан құрметтің маймылға көрсетілетін «құрметпен» қарайлас болатыны осыдан.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНАН ДАРВИН ТЕОРИЯСЫН АЛЫП ТАСТАУДЫ ҰСЫНАМЫН!

 Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы, Маңғыстау

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір