• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 09:25:19
Алматы
+35°

2018 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанның  сыртқы қарызы - 159 млрд долларға жеткен. Бұл жайлы Ұлттық банк хабарлады. Ал енді Сенаттың комитет отырысында Қытайдан қарыз алу мәселесін қаралды. Қазақстан Қытай үкіметінен 116 млрд теңге алса 20 жылда оның 154 млрд теңге қылып қайтарып бермек. Бұл елдің келешегіне қалай әсер етеді? Сыртқы қарыздың өлшемі қандай? Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасының дерегін негізге ала отырып хабарлайды.  

159 миллиард доллар қарыз деген әрине аз қаражат емес. Бүгінгі курспен ұлттық валютаға айналдырсаң шамамен 60 триллион 580 миллиард теңге. Енді сол борыштың кімдер және қандай көлемде алғанын көрейік.

Ресми дерек бойынша, 159 млрд доллардың 63,6 пайызы фирмаралық қарыз. Ал 25 пайызы Ұлттық компаниялар сияқты ірі ойыншылардың берешегі. Бұдан басқа 3,6 пайыз екінші деңгейлі банктердің алған қарызы деп көрсетілген. Ал мемлекет пен Ұлттық банктың қарызы - 7,8 пайызды құрап отыр.


Міне, өздеріңіз көргендей жалпы қарыздың 7,8 пайызы ғана мемлекеттің берешегі. Экономист Ләззат Жанмолдаева "мұндай статистиканы көргенде байбалам салып, алаңдаудың қажеті жоқ" -  деген пікірде. 


Ләззат Жанмолдаева, экономист: "Фирмааралық, яғни біздің елдің резиденттері бар резидент еместері бар фирмааралық қарыздар. Бұл қарыздардың көпшілігі мемлекеттік кепілдендірілмеген. Яғни, біздің экономикамызға бұл қарыздардың қаупі жоқ." 


Экономика ғылымдарының докторы Мейрам Қажыкенмен әңгімелесіп отырып алаңдайтын дүниенің барына көзің жетеді. Жаңағы резидент, резидент емес азаматтарға тиесілі компаниялар мен фирмалардың қарызы жалпы берешектің біраз бөлігін алып отыр. Олар ол қомақты сомаларды не үшін алғанын және қалай қайтаратынын мемлекет біліп отырғаны дұрыс екен. Сол өзіміз үлгі алатын Еуропа елдері мен Америкада мұндай тәжірибе бар.     

Мейрам Қажыкен, экономика ғылымдарының докторы:  "Шетелден кім қанша алып жатыр? Неге алып жатыр? Тиімді ме әлде тиімді емес пе? Оны кім қайтарады? Қалай қайтарады? Сондай заңнама шығып бекітілді. Бізде жоқ Қазақстанда. Міне, осыны біз қолға алып енгізуіміз керек. Макропруденциальное регулирование. Сырттан келген ақша түбі кетеді сыртқа. Үстінен ақша қосылып кетеді. Міне осыны қадағалауымыз керек."  

Аталған заң жобасы тәуелсіздік алған жылдардан бері неліктен қолға алынбаған деген сұрақ туындайды. Мейрам Қажыкен сөз арасында "бұл секторда мүдделі адамдардың ақшасы айналып жатуы мүмкін. Сондықтан жабулы қазан жабулы күйінде тұр дегенді айтып қалды. Қарыз дегеннен шығады, бүгін Сенаттың комитет отырысында депутаттар қаржы министрлігінің өкілдерін ортаға алып Қытайдан   2 миллиард 65 миллион юань несие алуды талқылады. Өткен айда Мәжіліс қарыз алу жөніндегі заң жобасын қарастырып мақұлдап, Сенатқа жолдаған еді. Енді міне Сенаттың да қолдайтын түрі бар. 

Қайрат Маубаев  ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер жөніндегі комитетінің басқарма басшысы:  "2 пайыздық  процентпен кредит алу басқа бағытқа экономикаға қиынсыру мүмкін емес. Ең тиімді процент болғаннан кейін осы.  Қытай алдында қанша қарызымыз бар?  - Қытай алдында мемлекеттік қарыз жоқ."

Иә, Қытайдан 116 миллиард теңгені 20 жылға аламыз. Оны кедендік өткізу пунктерінің инфрақұрылымын жасақтап, шетелге шығарылатын және елге әкелінетін тауар айналымының көлемін арттыру үшін сұратып жатқанымызды еске салайын. Өткенде Қаржы министрі Әлихан Смайылов өз сөзінде "бұл қаражатты қайтарамыз, алынған ақша діттеген бағытқа жұмсалады" — деп сендірген. Жақсы, министр сөзінде тұрар, алдай қоймас.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір