• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 22:55:59
+35°

07 Наурыз, 2019 Оқиғалар

Сыныптастары күштеп химиялық зат жұтқызған жасөспірім көз жұмды

«Өлер алдында баласы өз әкесінен бұл жағдайды қазбаламауды өтінді»

Өзбекстанның Ферғана облысында химиялық затты, карбидті,  ішуге мәжбүрлеген сыныптастарының кесірінен 9 сынып оқушысы көз жұмды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтының дерегін негізге ала отырып.

Бұл қайғылы оқиға 16 ақпан күні Үшкі (Учки) ауылында орын алғанымен, тек наурыздың басында ғана белгілі болған.

«Ол өте ақ көңіл бала болатын. Байдың бұзақы балалары оған химиялық затты қинап жұтқызған. Үйге келіп, су ішкеннен кейін, қатты айқайлай бастады. Оны ауруханаға жеткіздік»- дейді қайтыс болған баланың туысы.

Ферғана аудандық білім беру басқармасының қызметкері оқушы қайтыс болғаны туралы  хабардар етілмегенін мәлімдеді. Мектеп мұғалімдерінің бірі мектептің басшылығы бұл мәселені шешуге тырысып жатқанын айтады.

«Өлер алдында баласы өз әкесінен бұл жағдайды қазбаламауды өтінді» - дейді болған оқиғаға куә болған қайғы жамылған отбасының көршілері. Ауруханада жатқанда ол жәбірлеушілердің бірінің есімін атап үлгерген, ал қалғандарының есімдері сол күйі белгісіз боп қалды.

Тоғызыншы сынып оқушысының өлімі әлеуметтік желілерде үлкен наразылық туғызған. Ферғаналық жазушы Нұрилло Отаханов Facebook парақшасында жасөспірімнің қайтыс болғанын естігенде қатты есеңгіреп қалғанын жеткізеді.

«Әлемде не болып жатыр? Неліктен адамдар соншалықты қатыгез болып бара жатыр? Мен үш-төрт күн бұрын біздің үйдің маңындағы мектепте оқитын баланы сыныптастарының қолын бұрап, оны карбидті немесе соған ұқсас нәрсені жұтуға мәжбүр еткенін естідім.  Бұл жағдайды ұмыту мүмкін емес, әлі есімді жинай алмай отырмын. Мұны жасаған әлі мектеп жасындағы балалар екен! Заман не боп барады? »- деп жазады жазушы.

Сонымен қатар Өзбекстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Gazeta.uz сайтына берген сұхбатында,  жасөспірім жұтып қойған зат асқазанына зақым келтіріп, асқазанның күюіне әкеліп соққанын мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, оқушы 15 ақпанда химиялық затты қолданған, соның нәтижесінде ауруханаға түсіп, 26 ақпан күні жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Аударған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір