• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:20:44
Алматы
+35°

10 Тамыз, 2018 Әлеумет

Шушанников тіл туралы заңды орындамау үшін түрлі сылтау айтады

Шушанников Г.П қазақ тілі туралы мәселе қоғамдастық жиналысында қаралып, аудармашыға қаржы бөлінбейді деген шешімге келгенін айтады.

Бұған дейін Өскемендегі «Восточник-3» баубақша қоғамдастығына қарасты саяжайдағы қазақ тіліне қатысты жағдайды жазған едік. Қазақ тілінде ақпарат таратып, жиналысты, іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізуден бас тартып отырған қоғамдастық басшысы Шушанников Г.П-ге хабарласқан едік.

Шушанников Г.П қазақ тілі туралы мәселе қоғамдастық жиналысында қаралып, аудармашыға қаржы бөлінбейді деген шешімге келгенін айтады. Qamshy.kz ақпарат агенттігі тегін аударма жасайтын аудармашы табуды өз мойнына алды. Көп ұзамай, Өскемендегі саяжайда мәселемен танысқан Дархан Амантайұлы есімді кәсіби аудармашы тегін аударма жасап беруге дайын екенін айтып, редакциямызға хабарласқан еді. Өзі Қостанайда тұрады. Қазақ тілінің көсегесін көтерілуіне өз үлесін қосу үшін хабарласқан азаматқа риза болдық. Алайда көп ұзамай қуанышымыз су сепкендей басылды. Себебі Шушанников тегін аударма жасайтын кәсіби аудармашы тапқанымызды, оған электронды түрде аударатын қағаздарды жіберіп тұру ғана керек екенін айтып едік, Шушанников шошып түсті.

Интернет жоқ екенін және қағаздарды аудармаға жіберіп отыру оның құзыретіне жатпайтынын айтып енді басқаша сайрады. Сондағы тапқан сылтауы – интернет жоқ екен, мыс.

Қоғамдастық ҚР Тіл туралы заңын толық орындауы үшін оларға тегін аударма жұмысымен айналысатын аудармашы жалдап, интернетпен қамтамасыз етіп, аудармашыға құжаттарды жіберіп отыратын хатшы тауып, оның жалақысын ай сайын төлеп отыру керек пе сонда?

Заңның аты заң. Заңға мойынсыну әрбір азаматтың міндеті емес пе?! Қаржының жоқтығы өзгелерді толғандырмауы қажет. Қарапайым ғана мысал, халық заң бойынша коммуналды қызметтің ақысын төлеу керек. Оны төлемесе сусыз, жарықсыз қалдырады. Тұрғынның ақшасы бар ма, жоқ па ешкімді қызықтырмайды. Төлеу керек пе, керек. Бұл да сол секілді дүние емес пе?

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір