Шушанников құтырды: журналистерге шағымданғандарды сусыз қалдырмақ

Шушанников құтырды: журналистерге шағымданғандарды сусыз қалдырмақ
Ⓒашық дереккөзден

Өскемен қаласы «Восточник-3» баубақша қоғамдастығына қарасты саяжай басшысы Шушанников Г.П күшіне мінді. Жергілікті тұрғындарға қазақ тілінде хабар беріп, қазақ тілінде жиналыс өткізуден бас тартып отырғанын айтып шағымданғандарды қыспаққа алып жатыр. Сондағы ойлап тапқаны не дейсіздер ғой, өз пікірін айтып, шағымданғандарды қоғамдастық мүшелігінен шығарып, жарық, судан ажыратамын деп қорқытыпты.

Кеше «Восточник-3» баубақша қоғамдастығының саяжай тұрғындарына ашқан жиналыста, тұрғындарды жинап алып резонанс тудырғандарды мүшеліктен шығаруды қарастырылып жатқанын айтқан. Неткен өзіне деген сенімділік дерсің. Құдды бір аталған саяжай Қазақстан территориясында емес, жеке дара мемлекетте тұрғандай. Өз заңдары бар, саяжайда қандай шешім қабылдаймын, нендей заң шығарамын десе де өз еркі. Ол Қазақстан Республикасының Ата-Заңына сәйкес келе ме, жоқ па, оған бас қатырып жатқан ешкім жоқ. Өйтпей қайтсін? Бірнеше жыл бойы Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңын белшесінен басып келеді. Оған әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. Мұндағы әже мен қожа жергілікті халық емес, құзырлы органдар. Себебі халық бұрыннан бері бұл бассыздық пен заңсыздыққа өз наразылығын білдіріп келеді. Алайда нәтижесіз. Басындағы мәселесін айтып, прокуратураға да арыз жазды, әкімдіктің де табалдырығын тоздырды. Халықтың мұңына құлақ асар бір ресми орган табылмады.

Шушанников тұрғындардың шағымы аяқ асты қалып жатқанына куә болған сайын тұрғындарға деген өктемдігін қаталдата түскендей.

Заңгер Абзал Құспан бұл мәселенің күрмеуін шешу оңай екенін айтады. Прокуратураға жіберілетін арызда Шушанниковтың қандай әрекеттері нақты қай заңды бұзып отырғанын тізбектеп шығу керек екенін айтады. Заңгер Прокуратураның нақты функциясы анықталып, көрсетілмегендіктен, арыз нақты заң бойынша көрсетілмегендіктен оны қарамай отыр деген ойда.

- Менің заңгер ретінде кеңесім, тұрғындардың әрқайсысы 20 мыңнан жинап сауатты, ұлтжанды, табанды юристі жалдағаны абзал. Шушанниковтың ҚР Тіл туралы заңын бұзып отырғаны айдан анық. Шушанниковке шағымданғандарды кооператив мүшелігінен шығарып, жарықты, суды өшіру туралы шешімді қарауының өзі заңсыз. Себебі жарықты, суды тек оның ақшасын төлемеген жағдайда ғана қия алады, дейді заңгер.

Абзал Құспан айтпақшы, бұл заңсыздыққа заң аясында тоқтау қою жеңіл, бірақ бірнеше жылдан бері Шушанниковқа, қоғамдастыққа прокуратураның да, әкімшіліктің де тісі бата алмай отыр. Заңгер Руслан Түсіпбеков те қоғамдастықтың тілге қатысты жүргізіп отырған саясатының нақты қандай бап бойынша бұзып отырғанын айтып берді.

- Көбісі орыс тілі ресми тіл деп ойлайды. Алайда орыс тілі ресми тіл емес. Себебі Қазақстанда ресми тіл деген ұғым жоқ. Мемлекеттік тіл деген ұғым бар. Ал мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

ҚР Ата-заңының 7-бабында былай деп жазылған – «Орыс тілі ресми емес, бірақ тек мемлекеттік органдарда ресми қолданылады» делінген. Конституцияның 7-бабына сүйенсек, орыс тілі ресми тіл болып саналады. Ал мемлекеттік емес органдарда қазақ тілі міндетті түрде қолданылу керек. Ең бірінші басымдылық қазақ тіліне берілуі тиіс. Себебі, тағы қайталап өтейін – қазақ тілі мемлекеттік тіл.

Заңгер айтып өткен 7-бапқа толығырақ тоқталайық. 7-баптың екінші тарауында «Орыс тілі ресми емес, тек мемлекеттік органдарға ресми тіл ретінде қолданылады» делінген. Айырмашылық бар ма, бар. Көбі қателесіп, «Елбасының өзі енгізді ғой, орыс тілі – ресми тіл» деп қателесіп жатады.

Заңгердің айтуынша, кез келген қазақстандық Қазақстанның кез келген жеріне барып, қазақ тілінде қызмет көрсетуін талап етуге толық құқылы. Одан бас тартса, сотқа шағымдануына да болады.

ҚР Тіл туралы заңда заң тасқа таңба басқандай жазылған. Алайда Шушанников бұл заңды оқымаған немесе оқығысы келмейді.

Қазақстанда тілге қатысты осындай мәселенің туындауының өзі елдігімізге сын. Заңгер Руслан Түсіпбеков мұндай жағдай екінші мәрте қайталанбауы үшін арнайы құзырлы орган құру керек екенін айтады.

- Бізбен қатар тәуелсіздік алған Балтық елдері – Латвия, Литва, Эстония ана тілдерін қорғап, дамыту үшін тіл полициясын құрған. Бізге сондай орган қажет. Оның атауын полиция дейміз бе, әлде басқалай қоямыз ба, ол жағын ойлану керек. Қазақ тілінің дұрыс қолданылуын қадағалап,  тіл туралы орган заң жүзінде шара қолдана алатын, жазалай алатындай болу керек. Сот арқылы мәселені шешу көп уақытта талап етеді.

Заңгерлер айтпақшы, бұл мәселені шешу оңай болғанымен, оны қиындатып жүрміз. Заң бұзушылық орын алғанын шырылдап айтып жүрген тұрғындар бірнеше жыл бойы осы заңсыздықтың құрбаны болып келеді.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі Өскеменде осы іспен айналыса алатын сауатты, қазақ десе шыбын жаны шырқырайтын заңгер іздейді. Қызметі төленеді.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    «Ақ жолдың» жеңісі – Бөкейхановтың Санкт-Петерборда ескерткіш тақтасы орнатылатын болды
    17/10 17:34 0 31
    2
    Домбыраның құлағында ойнайтын жапондық Фуки Яги кім?
    17/10 17:12 0 119
    3
    «Тұңғышбайдың басынан түрлі жағдай өтпегенде, мұндай пьесаны осылайша ойнауы мүмкін емес еді»
    17/10 16:25 1 1229
    Бәсекеге қабілеттілік бойынша Қазақстанның әлемдік рейтингі қандай?
    17/10 15:59 0 222
    Сталин уақытында Қазақстанның шынайы тарихын жазған тарихшы
    17/10 15:48 0 159

    Таныстырылғандар

    Жасы келген қыз-келіншектерге үйленетін жас жігіттердің қарасы көбейген
    Жасы келген қыз-келіншектерге үйленетін жас жігіттердің қарасы көбейген
    Жасы келген қыз-келіншектерге үйленетін жас жігіттердің қарасы көбейген
    Мамандар 2018 жылы мұндай отбасылардың қатары 25 пайызға артқанын айтады.
    27/09/2018 12:37 0 7652
    Роза Бағланова: "Біздің «ұлы» ғалымдарымыз бүтін бір ұрпақты өлімге, ауру-кеселге қиып отыр" (видео)
    Роза Бағланова: "Біздің «ұлы» ғалымдарымыз бүтін бір ұрпақты өлімге, ауру-кеселге қиып отыр" (видео)
    Роза Бағланова: "Біздің «ұлы» ғалымдарымыз бүтін бір ұрпақты өлімге, ауру-кеселге қиып отыр" (видео)
    Роза Бағланова бүгінде өмірде болмағанымен сөзі өлген жоқ.
    27/09/2018 14:34 0 8970
    Шоу-бизнес өкілдері онлайн түрде «права» алды
    Шоу-бизнес өкілдері онлайн түрде «права» алды
    Шоу-бизнес өкілдері онлайн түрде «права» алды
    Акцияға композитор әрі әнші-педагог Алтынбек Қоразбаев, әнші, актриса Айжан Нұрмағамбетова және т.б. өнер майталмандары қатысты.
    27/09/2018 23:01 0 1497
    Бала ломбардтағы кепіл емес һәм ұлының денесін елге қайтара алмай отырған ана көмек сұрайды
    Бала ломбардтағы кепіл емес һәм ұлының денесін елге қайтара алмай отырған ана көмек сұрайды
    Бала ломбардтағы кепіл емес һәм ұлының денесін елге қайтара алмай отырған ана көмек сұрайды
    Қайғысы мен күйініші араласқан ана ұлының өлі денесін ауруханадан шығарып, Қазақстанға қайтару үшін отандастарынан көмек сұрайды.
    28/09/2018 10:48 0 3378
    Түркі мемлекеттері Түркістанға бір-бір аудан салып берсе...
    Түркі мемлекеттері Түркістанға бір-бір аудан салып берсе...
    Түркі мемлекеттері Түркістанға бір-бір аудан салып берсе...
    «Әр түркі мемлекеті Түркістанға бір-бірден аудан салып берсе», - деп жазды Фейсбук қолданушысы Садық Шерімбек Елбасының Түркістан облысындағы сапарынан кейін.
    01/10/2018 11:21 0 3395
    Ескі фотоның тарихы. Жапондық бала өз інісін өртеуге әкелді
    Ескі фотоның тарихы. Жапондық бала өз інісін өртеуге әкелді
    Ескі фотоның тарихы. Жапондық бала өз інісін өртеуге әкелді
    Бұл суретті 1945 жылы Жапонияда америкалық фототілші Джо О^Доннел түсірген.
    01/10/2018 12:38 0 7328
    «24 жасымда өз атымды да жаза алмаймын»
    «24 жасымда өз атымды да жаза алмаймын»
    «24 жасымда өз атымды да жаза алмаймын»
    18 жыл бойы әркімнің қоластында жұмыс істеп, далада түнеп келген.
    03/10/2018 16:49 0 4514
    4 кішкентай баласымен жалғыз қалған әке бұрынғы әйелінен алимент өндіре алмай отыр
    4 кішкентай баласымен жалғыз қалған әке бұрынғы әйелінен алимент өндіре алмай отыр
    4 кішкентай баласымен жалғыз қалған әке бұрынғы әйелінен алимент өндіре алмай отыр
    Анасына хат жолдап отырған бұл бүлдіршіндер оны соңғы рет қашан көргендерін ұмытқан.
    05/10/2018 10:23 0 2203
    Алматыда жылу маусымы қашан басталады
    Алматыда жылу маусымы қашан басталады
    Алматыда жылу маусымы қашан басталады
    Жаңа жылу маусымына дайындық жұмыстарының барлығы белгіленген кестеге сай жүруде.
    09/10/2018 15:37 0 661
    Шерхан Мұртазаның соңғы өсиет сөзі (видео)
    Шерхан Мұртазаның соңғы өсиет сөзі (видео)
    Шерхан Мұртазаның соңғы өсиет сөзі (видео)
    Бір-бірімізге қонақпыз. Дүние өтеді де кетеді, бірақ ақыры қандай болады? Соны ойлау үшін келіп жүрміз...
    10/10/2018 10:39 0 4543
    Оралхан Бөкейдің ұстазы Шерағаңа жазғаны...
    Оралхан Бөкейдің ұстазы Шерағаңа жазғаны...
    Оралхан Бөкейдің ұстазы Шерағаңа жазғаны...
    Аға! Мен Сізді ешқашанда аты-жөніңізбен атаған емеспін.
    10/10/2018 14:07 0 13407
    Астана әкімдері және Бақыт Сұлтанов
    Астана әкімдері және Бақыт Сұлтанов
    Астана әкімдері және Бақыт Сұлтанов
    Осыдан тура бір ай бұрын тағайындалған сегізінші әкім Сұлтанов мырзаның өмірбаянына көз жүгіртсек, әкімдіктерде істеп көрмеген екен.
    11/10/2018 10:26 0 2684
    Әлемде соңғы жылдары селфи жасаймын деп 300 адам жан тапсырған
    Әлемде соңғы жылдары селфи жасаймын деп 300 адам жан тапсырған
    Әлемде соңғы жылдары селфи жасаймын деп 300 адам жан тапсырған
    Халқының саны 300 миллионнан асқан АҚШ экстремалды селфимен күресті бастап кетті.
    11/10/2018 15:03 0 3077
    «Ұлтшылдан» неге жеріндік?
    «Ұлтшылдан» неге жеріндік?
    «Ұлтшылдан» неге жеріндік?
    Мәдениеттен жырақ жатқан қазақ секілді жұртты салғаннан көпшіл қыламын демей, әуелі ұлтшыл қылу керек
    11/10/2018 16:39 1 1779
    "Қазақ құл болды, басынан ерік, малынан билік кетті"
    "Қазақ құл болды, басынан ерік, малынан билік кетті"
    "Қазақ құл болды, басынан ерік, малынан билік кетті"
    Алаш қайраткерлерінің аңсаған арманы өз жерімізде, өз елімізде ана тілін төрге шығару болатын.
    12/10/2018 16:38 0 1772