«Шудың бойынданы» шығарған ақын не үшін ұялып жүр?

«Шудың бойынданы» шығарған ақын не үшін ұялып жүр?
Ⓒqamshy.kz

– Бақдәулет, мен әңгімені бастайын. Сіз қостаңыз. Қайсыбір жерін қисық кетіп, қате айтсам, түзерсіз. Осыдан 3-4 жыл бұрын Алматыда «жұлдыздарды» жиып алып, шығармашылық кешіңізді өткізген едіңіз. Көшеде ілініп тұрған жарнамалық плакатты көріп қалған мен: «Мына студент жарады. Болатын бала. Осы фамилия қайтадан алдымнан шықса, сұхбат аламын», – деп жымиғаным есімде. Әулетте тұсаукесер той жасарда «Бақдәулет деген асаба бар. Мықты» деген ел аузындағы жарнамаңызды естіп, өзіңізді асабалық етуге шақырдық.  Жұрттың көңілінен шыққан Бақдәулеттің сол бала екені кейін есіме түсті. Кезінде «журналист келді» дегенде шенді-шекпенді тік тұрып қарсы алушы еді, ал қазір «әнші келді» десе шапан жауып, ерекше құрмет көрсететініміз рас. Одан сайын биікке көтеріліп, әншілермен араласып-құраласып, телефонды көтермейтін, әкімшісі нақты жауабын айтпай шаршататын, сұрақ қойсаң, ақтарылып жауап бермейтін «жұлдыз» атанып кетпей тұрғанда өзіңізбен сұхбаттасып алайын деп шештім. Бұл менің сізге алғысқа толы қарғысым болсын. Сонымен, бірінші сұрақ: қаншалықты бай-дәулеттісіз, бақыттысыз?

– Отбасым аман, бауырым бүтін. Бақыттымын. Бұл тіпті менің ең бақытты шағым деп айтсам, қателеспегенім шығар. Қазақтың қазыналы тойында асабалық етіп, жырдан маржан шашу шашып жүрмін. Әр қазақтың қуанышына ортақтасудан шаршамай, ата-баба дәстүрін бұзбай, әдептен озбай, қалың жұртты күлкіге қарық қылып, баланың тұсауын кесіп, қызды ұзатып, екі жасты қосып жүрмін.

– Сіз сонда асабасыз ба, ақынсыз ба?

– Ақын болмасам, халықтың көңілінен шығып жүрген сұранысқа ие асаба бола алмайтын едім. Ақын болмасам, сіз мені тойыңызға шақырып, одан кейін сұхбат алмас едіңіз. Ақындығымның арқасында асабалығымның бағасы артып отыр. Себебі асабаның бәрі суырыпсалма ақын емес. Мен бір тойда айтқанымды екінші тойда қайталамауға тырысамын. Оның үстіне, той үшін арнайы сценарий жазып дайындалмаймын да. Өмірден көргенімді, түйгенімді әзілге айналдырып, өлеңдетіп айтқанды жөн санаймын.

– Бәрінің көңілінен шығу қолыңыздан келіп жүр ме? Қайрат Нұртастың әндеріне сөз жазып жүрген ақынның асабалық қызметін кез келген қазақтың қалтасы көтере ала ма?

– Мен тойда барымды саламын. Несін жасырайын, тойдың жақсы өтуі тікелей асабаға байланысты. Дегенмен кертартпа, сабырсыз той иелері асабаның жұмысына араласа берсе, тойдың быт-шыты шығады. Маған толыққанды сенім артса, мен ол жүкті мойныммен көтеремін. Шығармашылық адамы болғандықтан, арасында кешігетініміз бар. Бірақ оны да той барысында жуып-шайып, ұмыттырып кетемін. Кейбір той иелері минут сайын звондап, қадағалап, шектен тыс уайымдап, дөрекі сөйлеп, көңілдің хошын бұзатын кездер кездеседі. Ондай кезде той да керемет өтпейді. Өкінішке қарай. Мен Құдайдың құнын сұрамаймын.

– Асабалық етпесеңіз, құр ақын болып күн көре алар ма едіңіз?

– Мен өзімді ақынмын деп қабылдаймын. Бірақ асабалықсыз өмір сүре алмас едім. Материалдық жағынан болсын, моральдық жағынан болсын. Негізі авторлық құқықтан түсетін ақшаға-ақ күн көруге болады. Дегенмен мен көпшіліктің ортасында жүргенді ұнатамын. Менің араласпайтын ортам жоқ. Ақынмен де, әншімен де, журналистпен де, спортшымен де, дәрігермен де, әскеримен де араласа беремін. Ақын деген халық тәкаппарлау ғой. Өз әлемінде өмір сүргісі келеді. Менде ондай қиял атымен жоқ.

– Қателеспесем, сіздің әкеңіз де асабалық еткен.

– Иә, рас. Әкемнің қасында жүріп мен де жұмысқа ерте араласқанмын. Асабалықты кәсіп еткеніме биыл 11 жыл болады. Әкем – Ауған соғысының ардагері. Бүгінгі таңда ата-анам да, жан жарым да жұмыс істемейді. Бұл – менің қалауым. 26 жасқа келген мен әке-шешімнің қолын ыстық суға салып, келіннің шайын ішкізіп отырғаныма қуаныштымын. Себебі адам бейнеттің зейнетін көруі тиіс. Әке-шешемнің амандығы, отбасымның қуанышы, бала-шағамның күлкісі мен үшін баға жетпес байлық.

– Әлеуметтік желі, әсіресе, «Вконтакте» қаншама жас ақынның бағын ашты. Кеше ғана «Вконтактенің» «жұлдызы» болған олар бүгін көк жәшіктен көптеп көрініп жүр. Сіздің жұлдыздай жарқырап шығып, халық арасында кең танылуыңызға кім немесе не себепкер болды?

– Халықтың өзі себепкер болды. Жарнамамды жасаған да сол халықтың өзі. Біреудің тойына барған тойшыл қауым менің есімімді еске сақтап, өз қуанышына шақырып отырды. Сөздің құдыретін түсінетін қазаққа алғыстан басқа айтарым жоқ. «Жұлдыз» мәселесіне келсек, мені аспан әлемінен іздеудің қажеті жоқ. Мен жер адамымын. Сенетінім – адалдық. Қалайтыным – адалдық. Адалдық арманға жеткізеді деймін өз-өзіме. Арманым көп, маңдайдан аққан терімнің арқасында отызда орда бұзамын деген ниет-мақсатым жоқ емес.

– Жерде жүрген ақынсыз ғой, демек. Аспандап кетуден адамын дейсіз. Қазақ шоу-бизнесінің ішінде жүрсіз. Демек олқылықтарды айтып, орнын толтыруға сеп болуға құқылысыз. Айтыңызшы, неге көңіліңіз толмайды?

– Жас әншілерден арманың қандай деп сұрасаң, «хит» жаздырту, «хит» әншіге айналу деп жауап қатады. Бүкіл шоу-бизнес «хиттің» төңірегінен шыға алмай отыр.

– Қанша әншіге өлеңіңізді беріп, «хит» еттіңіз?

– 300-ден астам әнге сөз жазыппын. Осыншасы «хит» болды деп есеп жүргізбеппін. Бүгінде «хит» болып жүрген Қайраттың «Жүрегім сен келгелі бақытты» деген әннің сөзін жазған мен болатынмын. Несін жасырайын, елді шулатқан «Шудың бойында» да менікі.

– Шын айтайын, сол әнді ұнатпаймын. «Сенің мойныңда менің іздерім» деп жазуға қалай дәтіңіз барды?

– Той-домалақтың көркіне айналған «Шудың бойында» әнінің сөзін жазған менмін деп айтуға ұялатын болдым ғой. Шынымды айтсам, әнші боламын деген жігіттің көңілін қалдырмай жаза салған едім. «Сенің мойныңда менің іздерім» деген тұсты «сенің жолыңда менің іздерім» деп өзгертейік деп ән орындаушысы Ахан Отыншиевке айтқан едім. Ол осы нұсқасын мақұл көрді. Ол ән тез таралып, халықтың ықыласына бөленеді деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмепті.

– Адамның көңілін қалдырмау үшін жеңіл-желпі ән жаза салу қисынды ма?

– Қисынды. Талай рет көңілге қарап сөз жазып бергенмін. Ал әннің артар салмағына келсек, әуеннің өзі сондай болса, қандай керемет сөз жазасың?! Тек ойнап-күлуге, алаңсыз билеуге шақыратын әуенге пәлсапалық ойды сыйғызу мүмкін емес. Ақынды ғана кінәламаңыздаршы. Композиторларға да құлаққағыс болсын.

– Мағынасыз әндер қаптап кетті деп налимыз. Демек мәселе ақында ғана емес, композиторда ғой. Дұрыс түсіндім бе сізді?

– Дәл өзі. Бұрын Шахановтың сөзіне Қалдаяқов әуен шығаратын еді. Ал қазір композитор шығарған әуенге ақын әуеннің тереңдігі мен көркемдігіне сай сөз жазады. Мәселе осыдан туындап жатыр. Өз басым бүгінгі таңда Жолдасбек Әбдіхан деген әнші-композитормен етене жұмыс істеудемін.

– Ең қымбат өлеңіңіздің қаламақысы қандай?

– «Ақшам жоқ, бірақ ән айтқым келеді» деп ағынан жарылып шындықты айтқан жас таланттарға сан мәрте рет сөзді тегін жазып бердім. Жалпы, «осынша ақша беріңіз» деп талап ету дегенді білмеймін. Қандай әнші қандай көлемде қаламақы береді, оны өзінің патша көңілі шешеді. «Жүрегім сен келгелі бақытты» әнінің сөзі үшін Қайрат Нұртас 100 000 теңге берді. Әзірге ең қымбат қаламақым осы.

– Қандай ақынды өзіңізге үлгі тұтасыз? 30 жаста орда бұзамын деп қалдыңыз. Қандай жоспарыңыз бар?

– Мұқағалидың өлеңдеріне ғашық болып поэзияға келдім. Бірақ мені Мұқағалиға әлдекім ұқсатып, екінші Мұқағали боласың-ау десе, «Мұқағали болғым келмейді» деп жауап қатамын. Себебі әркімнің өз жолы, өз сүрлеуі бар. Мен Бақдәулет Арыстан болып тарихқа енгім келеді. Бір айта кетерлігі, мен жазба ақын емеспін. Мен әнге сөз жазатын ақынмын. Осы бір дүниенің айырмашылығын ажыратып алған дұрыс. Мен «хит» болсын деп сөз жазбаймын, көбірек пайда тауып қалайын деп тойларға шаба бермеймін. Өйткені мен тарихта атым алтын әріптермен жазылғанын шын жүректен қалаймын. Жастық жалыным мен талантымның арқасында бүгін асабалатып жүрсем, қырыққа келгенде ел ағасы атанып, қайырымдылықпен айналысып, өмірлік пәлсапалық ойларға берілсем бе деп ойлаймын. Қазіргі қазақ поэзиясынан Бақыт Беделхан ағамды ерекше құрметтеймін, өзіме үлгі тұтамын. Ол кісінің де менен ақылын аяған кезі болған емес. Ата-ананың, елдің үмітін ақтап еңбек етсем, жаман болмаймын. Алдағы уақытта шығармашылық кешімді ұйымдастыруды жоспарлап отырмын.

– Адам бойындағы қандай қасиеттерді ұнатасыз?

– Адалдық арманға жеткізеді дедім ғой. Халқына, отбасына, ісіне адал адамдарды жақсы көремін. Екіжүзділіктен жүрегім айниды. Бірақ шоу-бизнесте жүрген ақындарды, әншілерді, яғни бізді сүттен ақ, судан таза деп ойламаңыздар. Бәріміз пендеміз. Ақын да, әнші де қателеседі.

– Тек Инстаграмда емес. Инстаграмда көп лайк жинау үшін «қандай жазба саламын» деп жиі бас қатырасыз ба?

– Инстаграмды театрдың сахнасы деп қабылдауларыңызды сұраймын. Бірақ мұның маған қатысы жоқ. Инстаграмға өз даусыммен оқылған өлеңдерді салғанды құп көремін.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Жазира Байдалы

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 8 ай бұрын

    Жас болса да хит ән шығарды. Молодец

    • 8 ай бұрын

      Ұялатын несі бар? Еуропада тіпті тәпішкеге арнап ән шығарып жатыр, ал мынау тәп-тәуір ән. Осындай креатив жастар керек бізге

      • 8 ай бұрын

        Тағы да осындай хит әндер шығару керек. Ән деген идеология. Басында қазақша болсын, кейіннен түзеп аламыз.

        1
        Түркістанда да Назарбаев даңғылы пайда болды
        21/03 13:53 0 141
        2
        "Астана атауын ауыстыруға наразы" тұрғынды полиция ұстады
        21/03 13:10 0 1150
        3
        "Вашингтонмен салыстыратындар не білімсіз, не пропагандист..."
        21/03 13:06 0 314
        Димашты Мәскеу халқы қалай қарсы алды? (видео)
        21/03 12:53 0 213
        Облыс әкімі: Қазақ тілі қытай тілінен қиын емес шығар?
        21/03 12:41 0 480

        Таныстырылғандар

        49 адамды өлтірген қандықол қылмыскердің желідегі соңғы жазбасы
        49 адамды өлтірген қандықол қылмыскердің желідегі соңғы жазбасы
        49 адамды өлтірген қандықол қылмыскердің желідегі соңғы жазбасы
        Тікелей эфирде бейбіт тұрғындарға оқ атқан террорист қолға түсті
        Аудио тыңдау
        15/03/2019 16:12 0 12816
        9 жасар алматылық ресейліктерді таңдай қақтырды (видео)
        9 жасар алматылық ресейліктерді таңдай қақтырды (видео)
        9 жасар алматылық ресейліктерді таңдай қақтырды (видео)
        Тіпті әділ қазы мүшесі "тіпті мен де бұл нотаға дәл түсе алмаймын, сен әрбір нотаға дәл түсе білдің",- деп баға берді.
        Аудио тыңдау
        16/03/2019 12:02 0 13772
        Танымал әнші әрі боксшы "Ертұғрылдың" иығына шапан жапты (видео)
        Танымал әнші әрі боксшы "Ертұғрылдың" иығына шапан жапты (видео)
        Танымал әнші әрі боксшы "Ертұғрылдың" иығына шапан жапты (видео)
        Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасына жариялады.
        Аудио тыңдау
        16/03/2019 15:40 0 3308
        Министр Мұхамедиұлы Димаштың The World's Best байқауынан кетуіне қатысты пікір білдірді
        Министр Мұхамедиұлы Димаштың The World's Best байқауынан кетуіне қатысты пікір білдірді
        Министр Мұхамедиұлы Димаштың The World's Best байқауынан кетуіне қатысты пікір білдірді
        Өткен аптада әнші Димаш Құдайберген Америкадағы «The World's Best» байқауынан кеткенін мәлімдеген болатын.
        Аудио тыңдау
        17/03/2019 17:02 0 3116
        Димаш Құдайберген: Балаларды бай емес, бақытты болуға үйретіңіздер
        Димаш Құдайберген: Балаларды бай емес, бақытты болуға үйретіңіздер
        Димаш Құдайберген: Балаларды бай емес, бақытты болуға үйретіңіздер
        "Мен сахнада сіздердің алдарыңызда тұрғанда кезде шын бақытты сезінемін. Аман болыңыздар."
        Аудио тыңдау
        18/03/2019 09:43 0 233
        Алматылық алаяқ әлеуметтік желі арқылы 6 миллион теңге пайда тапқан
        Алматылық алаяқ әлеуметтік желі арқылы 6 миллион теңге пайда тапқан
        Алматылық алаяқ әлеуметтік желі арқылы 6 миллион теңге пайда тапқан
        Алаяқтың артында 4 қылмыстық эпизод бар
        Аудио тыңдау
        18/03/2019 16:01 0 763
        Арман Жиеналиев, жас әнші: Әншілер көбіне плагиат арқылы халыққа танылып жатады
        Арман Жиеналиев, жас әнші: Әншілер көбіне плагиат арқылы халыққа танылып жатады
        Арман Жиеналиев, жас әнші: Әншілер көбіне плагиат арқылы халыққа танылып жатады
        Менің кумирім – Мейрамбек Беспаев және Құрмаш Маханов. Осы кісілермен дуэт айтқым келеді.
        Аудио тыңдау
        18/03/2019 16:26 0 300
        "Конордың өмірінде маңызды сәт туды"
        "Конордың өмірінде маңызды сәт туды"
        "Конордың өмірінде маңызды сәт туды"
        Егер қорқынышын тыйып, Нурмагомедовты жеңе алмаса, бұл өмір соңына дейін маза бермейтін болады
        Аудио тыңдау
        18/03/2019 16:52 0 842
        Роза Рымбаева Димаш туралы пікір айтып басы дауға қалған ұлын қалай қорғады?
        Роза Рымбаева Димаш туралы пікір айтып басы дауға қалған ұлын қалай қорғады?
        Роза Рымбаева Димаш туралы пікір айтып басы дауға қалған ұлын қалай қорғады?
        Бірнеше күннен бері Димаш туралы түрлі пікірлер айтылып та, жазылып та жатыр.
        Аудио тыңдау
        19/03/2019 11:31 0 4638
        Марғұлан Сейсембай: Тәуелсіздігімізді жоғалтуға бір-ақ адым қалады...
        Марғұлан Сейсембай: Тәуелсіздігімізді жоғалтуға бір-ақ адым қалады...
        Марғұлан Сейсембай: Тәуелсіздігімізді жоғалтуға бір-ақ адым қалады...
        Үкімет мемлекеттік бағдарламалары бойынша мойнына алған міндеттерінің біреуін де толық орындамай отыр!
        Аудио тыңдау
        19/03/2019 15:50 0 1995
        Бекболат Тілеухан: Бұл күннің болары анық еді...
        Бекболат Тілеухан: Бұл күннің болары анық еді...
        Бекболат Тілеухан: Бұл күннің болары анық еді...
        Құлағыма сенбедім. Рас екен. Құлазып қалдым. Өзі айтпақшы, өмір заңы!
        Аудио тыңдау
        20/03/2019 01:45 0 9121
        Головкин Елбасына алғысын білдірді
        Головкин Елбасына алғысын білдірді
        Головкин Елбасына алғысын білдірді
        19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеді.
        Аудио тыңдау
        20/03/2019 08:39 0 368
        "Қазақстанның бас қаласының атауы Нұрсұлтан Назарбаев болып өзгеруі керек"
        "Қазақстанның бас қаласының атауы Нұрсұлтан Назарбаев болып өзгеруі керек"
        "Қазақстанның бас қаласының атауы Нұрсұлтан Назарбаев болып өзгеруі керек"
        Өзінің өкілеттілігін Елбасы Сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстады
        Аудио тыңдау
        20/03/2019 12:37 0 438
        Назарбаев Астана атауын өзгертуге байланысты: Адам ретінде риза болдым...
        Назарбаев Астана атауын өзгертуге байланысты: Адам ретінде риза болдым...
        Назарбаев Астана атауын өзгертуге байланысты: Адам ретінде риза болдым...
        Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордаға өзінің есімін беру туралы ұсыныстан бас тартқан еді
        Аудио тыңдау
        20/03/2019 18:32 0 5162
        Димашты Мәскеу халқы қалай қарсы алды? (видео)
        Димашты Мәскеу халқы қалай қарсы алды? (видео)
        Димашты Мәскеу халқы қалай қарсы алды? (видео)
        Қазақстандық талантты әнші, әлемді өз дауысымен тәнті еткен Димаш Құдайберген Мәскеу қаласына барды
        21/03/2019 12:53 0 213