• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:02:40
Алматы
+35°

19 Маусым, 2018 NEWS

Шудағы апат: пойыз жүргізушісі ұсталды

«Қазақстан темір жолы» мәлімдегендей, апаттан зардап шеккендердің бәріне өтемақы төленеді.

Шу станциясының маңында рельстен шығып кеткен Астана-Алматы пойызын басқарған мишинст ұсталды.

Машинистерден бөлек кезекшілікте болған теміржол қызметшілерінің бәрі тергелді.

«Қазақстан темір жолы» мәлімдегендей, апаттан зардап шеккендердің бәріне өтемақы төленеді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шудағы пойыз апаты салдарынан қаза тапқандардың бары жайлы ақпарат тарады. Қаза тапқан 12 жастағы баланың денесі туған жеріне жеткізілді. Алексей Мельнев Қарағанды облысында бүгін жер қойнына тапсырылады. Ал апаттан зардап шеккен тағы бір жолаушыға кеше ота жасалды. 48 жастағы Астана тұрғынының халі қазір жақсы. Пойызда болған жолаушылардың 10-нан астамы дәрігерге қаралды.

17 маусымда сағат 13:25 шамасында Сары-Шаған - Шу станциясында Астана-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызының 8 вагоны рельстен шығып кеткен болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір