• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:15:01
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2019 NEWS

Швеция WikiLeaks сайтының иесіне қарсы тергеуді қайта қозғады

Швеция прокуратурасы WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанжға қарсы тергеуді қайта қозғады

Швеция прокуратурасы WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанжға қарсы тергеуді қайта қозғады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Ассанждың кінәсін айқындайтын айтарлықтай негіз бар. Тергеуді жабу туралы шешім оның сотқа қатыса алмағандықтан қабылданды», - деді аймақтық бас прокурордың орынбасары Ева-Мария Перссон.

Оның айтуынша, «Ұлыбританиядағы жазасын өтегенен кейін» Швеция WikiLeaks сайтының негізін қалаушысын экстрадициялауын сұрайды. Олар 2019 жылдың тамыз айына дейін жауап күтетінін хабарлады.

Сонымен қатар, Ассанждан видеобайланыс арқылы жауап алуға болатынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылы сексуальды зәбір көрсету мен зорлау бойынша Ассанжға айып тағылды. Ал 2012 жылы ол Швецияға экстрадицияланып кетпес үшін, Ұлыбританиядағы Эквадор елшілігінде жасырынып жүрді.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір