• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:17:47
Алматы
+35°

27 Ақпан, 2019 Әлем

Шведтік суретшінің адамның ішкі әлемін көрсететін 18 суреті

«Бақыт қолдағы барыңа емес, сол барыңды қалай қабылдайтыныңа байланысты"

Суретші әрі жазушы Медия Булдук Стокгольмде тұрады. Жақында ол оқырмандарының назарына ерекше жұмыстарын ұсына бастады. Ол бұл жолғы еңбегінде әртүрлі адамдардың қоршаған ортаны, айналадағы оқиғаларды, жалпы өмірді қабылдау деңгейінің әртүрлі екендігін көрсетпекші болған.

Өзінің әлеуметтік желісінде суреттеріне мағыналы терең сөз жазып, оқырмандарын өз сезімі мен іс-әрекеттеріне ойлануға шақырады. Әр адам өз өмірлік жолын таңдауына мүмкіндігі бар. Суретші Медия дәл сол таңдау саналы түрде болу керектігін еске салады.  

Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандары назарына суретшінің мағынасы терең суреттерін ұсынады. 

1. «Күш-қуатыңды сақта. Қуатыңды сүліктей соратын жандардан барынша аулақ жүр"

Медия Булдук

2. «Оның бойында әлдебір сиқыр бар. Ол сиқырын айналасына таратып жүреді. Бұл сиқыр өмірді өзгертетіне сенеді" 

Медия Булдук

3. «Күш сенің – ішіңде. Ол қашан сен оны байқап, бостандыққа шығарады деп күтіп отыр" 

Медия Булдук

4. «Сен мықты әрі ақылды адамға айнала бастағаныңда, айналаңдағылар сені  өзгеріп кетті деп айта бастайды. Құдды, жаман нәрсе жасап жатқандай"

Медия Булдук

5. «Сізге біреу мүмкіндік, ақша немесе жұмыс ұсынады деп күтпеңіз. Адам тәжірибе мен сынақсыз дамымайды. Сіз өзіңіз мүмкіндігіңізді қалыптастырып, соны барынша пайдалануыңыз керек" 

Медия Булдук

6. «Санаңды денеңді шынықтырғандай шынықтар. Денеңді санаңды шынықтырғандай шынықтыр" Медия Булдук

7. «Жек көруді үйретеді"

Медия Булдук

8. «Жаман оқушы да, бала да болмайды. Тек жігер, бағыт, махаббатқа зәру жандар ғана бар" 

Медия Булдук

9. «Бәрі ойдан басталады. Бастапқыда ол ақымақтық сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ, дегенмен, ойыңа ерік бергенің жөн. Ол үшін күрес. Ол арманың екенін ұмытпа" 

Медия Булдук

10. «Бұрын "Әй, кім ол өзі соншама?" деп айтады деп қорқатын едім. Бүгінде оларға "Мен ол - мен!" деп жауап беруге қорықпаймын!" 

Медия Булдук

11. «Арпа ішінде бидай бол. Сенің ішіңде өмірді, болашақты өзгертуге күші жететін арыстан отыр" 

Медия Булдук

12. «Кейде ұлы әрі ақылды адамдар арнайы стандартты сынақтың көмегімен анықталмайды. Себебі, олардың ойлау түйсігі мүлдем өзгеше" 

Медия Булдук

13. «Іштегі әлемім сырттағы шындықты өзгерте алады" 

Медия Булдук

14. «Рухани кедей: "Ақша табу үшін маған ақша керек".

Рухани бай: "Маған ой, қалам, қағаз керек".

Медия Булдук

15. «Кей ауруды көру мүмкін емес"

Медия Булдук

16. «Бақыт қолдағы барыңа емес, сол барыңды қалай қабылдайтыныңа байланысты" 

Медия Булдук

17. «Кейбір "қайғы" — шын қайғы емес"

Медия Булдук

18. «Адамның денесін емес, жанын көре алсақ, қалай болар еді?"

Медия Булдук

Дереккөз: adme.ru

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір