• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:32:08
Алматы
+35°

29 Наурыз, 2018

ШҚО Жастар театры ұжымды марапаттады

ШҚО Жастар театры «Маска-2017» сыйлығының иегерлерін анықтап, арнайы дипломмен жəне ақшалай сыйлықпен марапаттады.

«Хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер театр»

Ғ.Мүсірепов

27 наурыз, халықаралық театр күніне орай ШҚО Жастар театры «Маска-2017» сыйлығының иегерлерін анықтап, арнайы дипломмен жəне ақшалай сыйлықпен марапаттады.

ЖАСТАР ТЕАТРЫНАН үздік деп танылғандар:

«Ең үздік ер адам ролі» номинациясы бойынша У.Гаджибековтің «Аршын мал алан» мюзикліндегі АСКЕР  ролі үшін АЙДОС НҰРМАҒАМБЕТОВ;

«Ең үздік əйел адам ролі» номинациясы бойынша Б.Абдураззаковтың «Айнайлайын» драмасындағы «МАМА» ролі үшін МАДИНА БЕКСЕИТ;

«Екінші пландағы үздік ер адам ролі» номинациясы бойынша У.Гаджибековтің «Аршын мала алан» мюзикліндегі СҰЛТАНБЕК  ролі үшін ЕДІГЕ АҚЫЛБЕКОВ;

«Екінші пландағы үздік әйел адам ролі» номинациясы  бойынша У.Гаджибековтің «Аршын мала алан» мюзикліндегі ЖИХАН ролі үшін  ДИАНА ҚАЗЫКЕШОВА;

«Үздік режиссер» номинациясы бойынша Б.Абдураззаковтың «Айналайын» драмасы үшін АЙДЫН САЛБАНОВ;

«Үздік спектакль» номинациясы бойынша У.Гаджибековтің «Аршын мал алан» мюзиклі

«Жас дарын» номинациясы бойынша ДИНАРА ЖҰЛДЫЗҚЫЗЫ;

«Балаларға арналған қойылымдағы үздік роль» номинациясы бойынша Ю.Ентин, В.Ливановтың  «Бремен музыканттары» ертегісіндегі САЙҚЫМАЗАҚ рөлі үшін НҰРСҰЛТАН ЕСЕТ;

«Үздік музыкамен көркемдеуші» номинациясы бойынша АЙДЫН МҰХАМЕДЖАНОВ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір