• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:07:06
Алматы
+35°

28 Тамыз, 2017 NEWS

ШҚО-да шахтерлер күні атап өтілді

Кен өндірісінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков 18 отбасыға жаңа пәтер кілтін табыстады

ШҚО-да Шахтер күні және Белоусовка кен орнының 220 жылдығына орай мерекелік шара өтті. Кен өндірісінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков 18 отбасыға жаңа пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Тау-кен өндірісі аймақ экономикасының серпінді саласы болып қалыптасқан. Сондықтан болар, облыстың әрбір төртінші тұрғыны осы салада қызмет атқарып келеді. Шахтер – күш-жігер мен шыдамдылықты талап ететін сала. Сіздерді облыс әкімі Даниал Ахметовтың атынан шын жүректен құттықтай отырып, жанұяларыңызға бақыт тілеймін, – деді Шалқар Байбеков.

Құттықтау сөздерінен кейін аймақ басшысының орынбасары Белорусовка кентінің тұрғындарына 18 жаңа пәтердің кілтін табыстады. Сондай-ақ, тау-кен өндірісінде қызметте үздік деп танылған шахтерлар алғыс хатпен марапатталды. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір