• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:48:19
+35°

13 Сәуір, 2019 NEWS

ШҚО-да қала әкімі көз жұмды

Ол еңбек жолын 1995 жылы бастады

Алмас Аманқолұлы Оңдақанов ұзақ уақыт бойы аурумен күрескен.

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов қайтыс болды.

"Өкінішке қарай, Алмас Аманқолұлы ұзаққа созылған сырқатынан кейін 45 жасқа қараған шағында көз жұмды", - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Алмас Оңдақанов еңбек жолын 1995 жылы бастады. Сол кезде ол Ақжар ауылында Тарбағатай аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде инспектор болып жұмыс істеген.

Кейін әртүрлі жылдары ШҚО сыртқы экономикалық байланыс басқармасы хаттама бөлімінің басшысы, Курчатов әкімі аппаратының басшысы, облыстық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Алмас Оңдақанов Курчатов әкімі болып 2017 жылдың наурызында тағайындалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір