• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:40:23
Алматы
+35°

25 Мамыр, 2017 NEWS

ШҚО-да әкесі туған ұлын пышақтап өлтірді

Бұл отбасыда ұрыс-керіс жиі болып тұратын тәрізді. Әдетте, жанжалды көбінде үйдің отағасы бастайды екен, деп хабарлайды

Бұл отбасыда ұрыс-керіс жиі болып тұратын тәрізді. Әдетте, жанжалды көбінде үйдің отағасы бастайды екен, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Times.kz басылымна сілтеме жасап.

Сондай кезекті жанжал ата-ана мен баласының арасында аяқ астынан тұтанады. Алайда, бұл жолғы ұрыстың аяғы адам өлімімен аяқталды.

Шектен тыс масайрап қалған әкесі ашу үстінде үстелдегі пышақты алып, көзсіз әрекетке барған. Салдарынан өз баласына пышақ тығып, оны жазым етті.

Өз ұлын өлтірген қандықол қылмыскер сот отырысында істеген ісіне өкініп, бұлай жасағысы келмегенін айтқан.

«Сот шешімі бойынша күдікті аталмыш қылмыстық іске айыпты деп танылып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды», - деп мәлімдеді ШҚО ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір