• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:31:59
Алматы
+35°

29 Қаңтар, 2019 Әлем

"Шіркеулерді құртып, әулиелерді тонау керек",- деді "ең заманауи" президент

«Епископтар – түкке тұрғысыз адамдар. Олардың көбі гейлер. Адамдарды сынағаннан басқа бітіріп жатқан түгі жоқ», - дегені бар бір мәлімдемесінде.

Филиппин президентін халқы әлемдегі ең заманауи басшы деп санайды. Таққа отыра салысымен президент Родриго Дутерте есірткімен күресті. Есірткіге заң бойынша тыйым салып, көнбегендер өлім жазасына кесілді, ол президент болғалы мыңға жуық адам өлтірілді. Нашақорлықпен байланысты қылмыстық істерді Халықаралық қылмыстық сот қарайтын болды.

Зорлық құрбандарын мазақ ету – президенттің күнделікті әзіл әңгімесіне айналды. Құқыққорғаушыларды өлтіруге шақырды. Мыңдаған адамның өліміне қатысы бар екенін президент мақтанышпен айтып жүреді.

Бұлардың бәрін ысырып қойып енді Дутерте католик шіркеулеріне қарсы күрес бастапты.  Католик шіркеуі – мемлекеттегі беделді мекемелердің бірі. Ал халқы имандай сеніп, дұға жасап жүрген құдайын президент «ақымақ» деп, ал киелі Үштік идеясын – сандырақ деп атады. Сонымен бірге Дутертенің санасында «күнә», «тозақ» деген түсініктер жоқ екен. Әрі христиандардың қсиетті Інжіл кітабына да сенбейді. Айтуынша, авторы белгісіз кітап – кітап емес. Ал шіркеудегі әулиелерді «жынға қызмет ететіндер» деп санайды.

«Епископтар – түкке тұрғысыз адамдар. Олардың көбі - гейлер. Адамдарды сынағаннан басқа бітіріп жатқан түгі жоқ», - дегені бар бір мәлімдемесінде. Тағы бір сөзінде әулиелердің ақшасы көп екенін әрі оларды ашық түрде тонау керек екенін айтты.

 Ол 2016 жылдың 30 маусымынан бастап ел басқарады. Міне, Филиппиннің президенті осындай екен...

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір