• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:28:25
Алматы
+35°

12 Қыркүйек, 2018 Тарих

Шыр етіп дүниеге келгеннен қара жерді көрпе етіп жамылғанға дейінгі ғажайып ғұмыр

Алтынбек Сарсенбаев көпшілік қазақстандықтар үшін жұмбақ саясаткер болып қалды. Үкіметтегі идеологтардың бірі, мансабын құрап...

Бүгін, 12 қыркүйек Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні. Бүгін көзі тірі болса 56 жасқа келер еді. Озық ойлы саясаткерді еске алу мақсатында Алтынбек Сәрсенбайұлының бала шақтан саясаткерлікке дейінгі сара жолын баяндайтын мақаланы Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады. 

Алтынбек Сәрсенбаев көпшілік қазақстандықтар үшін жұмбақ саясаткер болып қалды. Үкіметтегі идеологтардың бірі, мансабын құрап, кенет оппозицияға өтіп, оның көшбасшыларының біріне айналды. Сәрсенбаев ұзақ уақыт жұрт алдындағы саясаткер болған жоқ, бірақ беделді қазақстандық саяси қайраткер ретінде тарихта ізін қалдырды. 

Алтынбек Сәрсенбайұлы

Алтынбек Сәрсенбаев 1962 жылы Алматы облысының Қайнар поселкесінде, көпбалалы жанұяда дүниеге келді. "Жанұяда 10 бала болдық. Алтынбектен кейін тағы екі бала бар. Онымен жас арамыз 11 жыл. Мен үлкенмін. Ол әрдайым күліп: "Аға, сіз колхоздың төрағасының ұлы болдыңыз, ал мен зейнеттегі адамның ұлымын" - дейтін. Мен мектепте оқыған кезде, әкем колхоздың төрағасы болды, ал Алтеке мектеп бітірген кезде, әкем зейнетте болды", – дейді Алтынбек Сәрсенбаевтың үлкен ағасы, "Жас Алаш" газетінің редакторы Рысбек.

Алтынбек Сәрсенбайұлы

Алтынбектің балалық шағы Қайнар поселкесінде өтті, Рысбек Сәрсенбайұлы інісі жас кезінен-ақ беделді көшбасшы болғанын айтады: "Алтынбек үшінші немесе төртінші сыныпта оқып жүрген кезі еді. Оған сыныптасы келіп, ересек балалар ренжітіп жүргендігі жайлы наразыланған болатын. Алтынбек: "Жүріңдер, олармен сөйлесейік" - деді. Ренжіткендер үлкенірек және күштірек болды. Бірақ ол қорықпады - барды. Төбелесу үшін емес, сөйлесу үшін. Ол әрдайым кішілерге қамқор болатын, төбелеспей, әңгімелесетін. Балалар арасында беделді болды. Одан кеңес алу үшін, тапсырманы орындау үшін келетін. Ол кездері Қайнар ауылында тұрдық, фильмдер аз болды, айына бір кино алып келеді және ол үнді киносы.

Алтынбек Сәрсенбайұлы

Мектеп, жоғарғы сынып.

Алтынбек кітап оқығанды жақсы көретін. Кітабы көп болатын. Оқып алып, жігіттерге мазмұнын айтып немесе оқып беретін. Әрине, үймен де айналысу керек, ол барлығын жинап алып, істерін тындырып, кейін кітап оқып беретін.

Мектептен кейін Алтынбек Сәрсенбаев тілші мамандығына оқуға бел буады, үлгі болған үлкен ағасы Рысбек: "Алтынбек ер жетіп, тілші болуға ынта білдірген кезде, әкесі оған: "Жарайды, бар, бұл да жаман мамандық емес, ауыл жайлы жазады, пайдалы"- деген болатын. Әкеміз оның шешімін қабылдап, Алтеке дайындалып ҚазҰУ-ге түсті. Оның аудандың газетте бірнеше мақаласы болды. Қабылдаушы комиссия оған сұрақтар қойды. Ол өтті. Қабылдаушы комиссияның төрағасы "Әлеуметті Қазақстан" газетінің редактор Сапар Байжанов Алтынбек қарама-қарсы отырған болатын. Одан "Әлеуметті Қазақстан" газетінің редакторын сұрады, ол оның аты-жөнін айтты. Араларында бар ма екендігін сұрады. Алтынбек қарсы отырған адамды көрсетті. Барлығы күліп: "Оны қайдан білесің?" - деген болатын. - "Фойедегі суреттегі адамның маңдайына оның маңдайы ұқсас" - деген еді. Ал Байжановтың маңдайы шынында да көрнекті болатын..."

Алтынбек Сәрсенбайұлы

Тәтесімен бірге, 70-жылдардың соңы.

Үшінші курста Алтынбекті Мәскеугедегі оқуға алмастырды, ММУ журфагын бітірген болатын. Сонда ол болашақ жары Салтанат Атушевамен танысқан болатын.

Алтынбек Сәрсенбайұлы

Алтынбек Сәрсенбаев – "Арай-Заря" журналының бас редакторы. Редакция қызметкерлерімен Жаңа 1989 жылғы кездесу.

Қазақстанға оралғаннан кейін Сәрсенбаев тілші болып жұмыс істеді, төрт жылдан соң 1980 жылдардың соңындағы Қазақстандағы беделді газеттерінің бірі "Горизонтты" басқарған жайы бар.

Тәуелсіз Қазақстанда Сәрсенбаев тілші болып жұмыс істей алмады: ол президенттің аппаратына жұмысқа шақырылып, мәдениет пен ұлтаралық қатынас бөлімдерін, кейін - ішкі саясатты басқарған болатын.

Алтынбек Сәрсенбайұлы

1993 жылдың қаңтар айында 30 жастағы Алтынбек Сәрсенбаев мөр және жаппай ақпарат көздерінің министрі болды. Әлі күнге дейін ол елдің тарихындағы мұндай рангтегі жас шенеунік болып табылады. Масс-медиа саласында Қазақстан өкіметінің министрлік постында Сәрсенбаев сегіз жылдан аса еңбек сіңірді.

Алтынбек Сәрсенбайұлы

Қазақстандағы министр Сәрсенбаевтың тұрмысына байланысты тәуелсіз БАҚ әрленуі басталды, кейін мемлекет бұл саланы барынша реттеуге талпыныс жасады. 1998 жылы елде теледидарлық және радиобағдарламаларды қайта үлестіру тендері өтіп, нәтижесінде ондаған телерадиостанциялары жабылған болатын. Оппозицияда болса да, Алтынбек Сәрсенбаев бұл қадамы үшін тілшілерден кешірім сұраған.

Алтынбек Сәрсенбайұлы

ҚР ақпарат агенттігінің Астана қаласына көшуі. 1996 жыл.

2001 жылдың мамыр айында Сәрсенбаев Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып, қараша айында танымал жас шенеуніктер мен кәсіпкерлер тобына кіріп, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа оның күйеу баласы Рахат Әлиевтің Қазақстан басшылығын иемденіп алу талпынысы жайлы ашық мәлімдеген болатын. Хаттың астында ондаған шенеуніктердің қолы болды, бірақ Сәрсенбаевтің қолы болмағанымен, политологтар, саясаткерлер де оның қолдағанын растаған болатын.

Алтынбек Сәрсенбайұлы

Заманбек Нұрқаділовпен бірге.

Млоадтүріктердің (Осман империсының саяси ұйымы) жолдауынан кейін, Сәрсенбаев елші ретінде Ресейге жіберіліп, бір жылдан кейін мемелекеттік қызметтен кеткен болатын. Елші бола, 2003 жылдың аяғында Сәрсенбаев "Ақ жол" партиясының құрылтайына қатысып, оның қосарлас төрағасы болды.

Алтынбек Сәрсенбайұлы

2004 жылы парламенттік сайлауға дайындалған "Ақ жол" партиясында Сәрсенбаев иделогияға жауапты болды, ол сонымен қатар, көп жылдан бері бірінші рет баспасөзбен жиі араласатын, сұхбат беріп, сайлаушылармен кездесетін. Сол кездері Сәрсенбаев президенттің постына үміттенуге болатындығын айтқан болатын, бірақ Сәрсенбаевтың өзі мұны талқыламады.

Алтынбек Сәрсенбайұлы

2004 жылдың жаз мезгілінде Алтынбек Сәрсенбаев шамалы уақытқа үкімтке оралды: президенттің шақыруы бойынша ол мәлімет министрлігін басқарды. Аз уақыт жұмыс істесе де Сарсенбаев жүздеген оппозициялық газеттердің шығарылымына қол қойған болатын. Министрдің постына тағайындау сәтінде Сәрсенбаев қыркүйектегі сайлау бұрмаланбайды деген талапта жұмысын жалғастыратындығы жайлы ескерткен болатын.

Келесі күні парламенттік сайлаудан кейін Алматыдағы пресс-конференцияда Алтынбек Сәрсенбаев министр постынан өзінің қызметтен кетуі жайлы мәлімдеген болатын: сайлау нәтижесімен ол келіспеді. "Ақ жол" партиясы ресми ақпарат бойынша, 12 % дауыс жинап, мәжілісте тек бір орынды алған болатын (ол кездері партияның парттізімі бойынша палатада тек 10 орынға талаптанған болатын).

Алтынбек Сәрсенбайұлы

Рысбек Сәрсенбайұлы: «Ол өз бетінше болатын. Ол тіпті бізбен бір өзгеше кеңесетін. Келіп: "Не ойлайсыздар?"- деп сұрайтын. Ол не үшін мұны сұрап жатқанын білмейсің, ол пікірді тыңдап, үндемей шешім қабылайтын. Ол әрдайым ашық айтатын, әділ болатын. Ол үкіметте бола тұра, оппозияцияда болды...".  

Алтынбек Сәрсенбайұлы

2005 жылы «Хабар Агенствасының» Алтынбек Сәрсенбаевке қатысты шулы сот барысы есте қалды. Хабар бұрынғы министрден "Дариға Назарбаеваның холдингін" сөз сөйлеу еркіндігі және электронды БАҚ шоғырлануын шектеу деген айыппен 50 млн теңге талап етті. Сот Сәрсенбаевтен 1 млн теңге төлеткізген болатын. Екі жылдан кейін Рахат Әлиев Дариға Назарбаеваның медихолдингтеріне Сәрсенбаев жатқызған БАҚ барлығы оған тиесілі екендігін мәлімдеді.

Алтынбек Сәрсенбайұлы

Алтынбек Сәрсенбайұлы

2006 жылы 13 ақпанда Алматыдан алыс емес Көк-Төбе поселкесінде жолдың жиегінде үш ер кісінің денесі табылды. Алтынбек Сәрсенбаев, оның көмекшісі Бауыржан Байбосын және жүргізуші Василий Журавлев екендігі анықталды. Үшеуі байланған, желкесінен атқан. Қазақстандық оппозицияның беделді көшбасшысының өлімі қоғамдық дау тудырды.

Бірнеше күннен кейін ұлтқа деген тележолдауында Нұрсұлтан Назарбаев барлық құқық қорғау органдарына тез арада кісі өлімін тергеуді бұйырды.

Алтынбек Сәрсенбайұлы

Өлтіруден кейін бірден арнайы қызмет қызметкерлері қатысты болу мүмкіншілігі анықталды. Осыған байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары "Арыстан" арнайы бөлімі қызметтен кетті. 25 ақпанда сенат аппаратының басшысы Ержан Өтембаев тұтқындалды.

Тергеу жұмыстары анықтағандай, Өтембаев Алтынбек Сәрсенбаевқа оның бірнеше сөздері үшін өкпелеген екен. Бұл саясаткерді өлтіруге тапсырыс беруге итерді. Өлтіруге ІІМ бұрынғы офицері мен "Арыстан" арнайы бөлімі қатысты болып шықты. Олардың барлығы қамауға алынып, 2006 жылыдың жаз мезгілінде ұзақ мерзімге қамауға алынды: тапсырыс беруші Ержан Өтембаев 20 жыл бас бостандығынын айырылып, атқарушы Рустам Ибрагимов өлім жазасына кесілді, бірақ ол кейін өмір бойы бас бостандығынан айыру үкіміне алмастырылды. Алтынбек Сәрсенбаевтың туыстары мен серіктері әлі күнге дейін тергеу жалған жолмен жүрді, ал өлімге тапсырыс беруші адам табылмады деген сенімде.

Алтынбек Сәрсенбайұлы

Алтынбек Сәрсенбаевты көпшілік алдындағы саясаткер ретінде жақсы тани алмады, оның туыстары мен серіктері ол жөнінде ашық, мықты көшбасшы ретінде айтады. "Алтынбек экранда өте байсалды болып көрінді. Өмірде ол өзінің образына қарама-қарсы болып шықты. Ол достарымен кездесіп, көпшілік болып отыруды жақсы көретін. Кейде үкіметте ұзақ болғандықтан өмірден ерте кетті деп ойлайтынмын", - дейді Болат Әбілов.

Алтынбек Сәрсенбайұлы

Болат Әбілов: «Біз 2005 жылы қыс мезгілінде Павлодар облысына жазасын өтеп жатқан Ғалымжан Жакияновқа кездесуге келдік. Қыс, суық, боран. Келген қонақтарды бекітетін офицерге кірдік. Алтынбек маған: "Бізбен бірге Марат Тәжин келді деп қалжыңдайық деді. Ол сол кезде президент әкімшілігінің басшысының орынбасары болатын. Алтынбек келгендердің есімдерін айта бастады: Ораз Джандосов, Алтынбек Сәрсенбаев, Төлеген Жүкеев, Болат Әбілов, Төлен Тохтасынов, Марат Тәжин. Офицер жазып алып, бізді Ғалымжанға шығарып салды. Отырып, сөйлестік. Қырық минуттан кейін есік ашылып, үш-төрт офицер жүгіріп келіп: "Тәжин қайда? Тәжинді көрсетіңіздер!"-деген болатын. Ақпарат лезде Астанаға кеткен, онда не болып жатқанын түсінбеді. Арамызда Тәжин болмады. Олар бізді тағы аздап қысып алды: қандай шалағайсыздар, ал біз жұмысымыздан айырыла жаздадық".

Алтынбек Сәрсенбайұлы

Алтынбек Сәрсенбайұлы

Рысбек Сәрсенбайұлы: «Ол ата-анамыз үшін қатты уайымдайтын. Ал олар оның артынан кетті. Алдымен анам, кейін әкеміз. Мұндай соққыға төтеп бере алмады».

Дереккөз: voxpopuli.kz

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір