• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:12:06
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2018 NEWS

«Шыңғыс ханның мәйітіне жету үшін енді 30 см жер қазу керек» (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ерлі-зайыпты Шыңғыс ханның зиратын тапқанын айтты

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ерлі-зайыпты Шыңғыс ханның зиратын тапқанын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТВК арнасының дерегін негізге ала отырып. Өзін «көріпкел», - деп есептейтін Гүлжанар Алтынбекова моңғол билеушісінің жерленген жерін білетініне сенімді. Ерлі-зайыптылар ғалымдардың келуін күтпей өз бетімен қазба жұмыстарын жүргізген. Көріпкел әйел мәйітті табу үшін енді 30 сантиметр жер қазу керектігін айтты.

ОҚО-ның көптеген тұрғындары Гүлжанарды «бақсы», - деп атап кеткен. Себебі 2014 жылы оған Манас атты бабасы Арыс ауданындағы кішкентай Лесхоз деген елді-мекенде кезінде бүкіл әлемді билеген адам жерленгенін айтқан.

«Қазір бабамыз мәрмәр таста жатыр. Жанында екі жағылған шам мен зиратын күзетіп отырған жылан, қамшы мен тасбих бар», дейді Гүлжанар Алтынбекова.

Ерлі-зайыптылар қазба жұмыстарымен 2 жылдан бері айналысып келе жатыр. 2 жыл ішінде талай тылсым дүниелерге тап болғанын айтады.

«Біз бұл аймақтан батпаққа жазылған екі жазба таптық. Екі жазбада да "ата-бабамыз Шыңғыс хан" деп жазылып тұрды», - дейді Сман Өтеген.

Шыңғыс ханның жерленген орнын таптық деген ерлі-зайыптылар карта ретінде ретінде тасты қолданған. Олардың айтуынша, бұл тас оларға бағыт бағдар беріп отырған.

«Зираттың кіре берісіндегі қазақ тіліндегі жазу Шыңғыс ханның моңғол емес, қазақ екенін дәлелдей түседі», - дейді жергілікті тұрғын Махметкәрім Шанасов.

Ал тарихшылар мен ғалымдар ерлі-зайыптылардың тұжырымына сенуге асығар емес. Олар белгісіз аймақты жөн-жосықсыз қазу қайғылы жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін екенін ескертуде.

Еске салсақ, бұған дейін де Шыңғыс ханның зиратын тапқанына сенімді болған Гүлжанар 13 метр тереңдікке баратын шұңқыр қаздыртып, ешқандай зират таппаған болатын.

Бұл сенсациялық жаңалық оңтүстіктерді аса таңғалдырмауы мүмкін. Себебі осыдан біраз жыл бұрын шымкенттік жазушы Шыңғыс ханның зираты Шардара ауданында деген болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір