Шындықтың жаназасы... Қазақстанда Шындық қайтыс болды...

Шындықтың жаназасы... Қазақстанда Шындық қайтыс болды...
Ⓒcaricatura.ru

Қазақстанда Шындық қайтыс болды... Кеше атып кетті... Жағымпаздар министрі, Өтірік министрі, Мафия министрі, Таққұмар министрі, Баққұмар министрі, әртіс депутаттар, кландар мен жыландар келді. Шындықтың жаназасына...
Халық көп жиналды. 
--Шындықсыз қалай ел боламыз?—деп Өтірік министрі қорсылдап жылады... 
--Талай сорақыны халықтан жасырған елміз, соның бәрін Шындық жарияға жар салып жүруші еді, енді қайттік?—деп Жағымпаздар министрі Өтірік министрін жағымпаздана құшақтап, сұқ саусағымен тілін жалап, көзінің айналасын сулап қойды...
--Хош, Шындық аға!
--Топырағың торқа, ішкенің виски, жегенің тауық грилі болсын!
Молда Шындықтың жаназасын шығара бастады. Нөпір халықтың алдына шыққан Өтірік пен Жағымпаздар, Мафия мен Намыссыздар министрлері мен әртіс депутаттар қаздай тізіліп, бәрі портфельдерін қолтықтарына қысып алып, шіреніп тұра қалысты. Бастарын төмен салбыратып тұрудың орнына, қасқайып, шалқайып кетті... Бұлар өлмейтіндей... Молда Шындық ағайдың жаназасын шығарып жатыр, әне екі қолын құлақтарына апарды. О, тоба, Мафия министрі пистолетін шығарып, сонысымен құлағын қасыды. Өтірік министрі Елбасыға жалған ақпарат беріп үйреніп қалған ғой, әлдекімге ұялы телефонымен өтірік ақпарат беріп жатты... Таққұмар министрі креслода отыр...
Бір кезде молда басын оң жаққа, сосын сол жаққа қисайтып еді, әлгілердің мойындары бұрылмай қалды. Мойындары сіресіп, қатып қалған... Шындыққа бұрылмайтын мойындар...
--Уа, еліміздің қаймақтары мен жаймақтары!—деді молда Шындықтың жаназасын шығарып болған соң,--Шындық қандай адам еді?
--«Мощный» адам еді!—деді шала қазақ біреу міңгірлеп.
--Айтқаны «точный» адам еді!—деді алыстау тұрып, аузын баса қойған Жалтақ деген ақсақал.
--Өтірік айтпаңдар!—деп қалды Өтірік министрі галстугын қозғап қойып.
--Қылда несі бар десейші? Іші пысып, қара қылды қақ жарып отырушы еді жарық¬тық...
--Айтатыны: «Аққа құдай жақ»... 
--Талай саяси қылмыстардың бетін ашып, көп еңбек етті халыққа...
--Обал-ай, обал...-деп жалған жылады Жағымпаз министрі жан-жағына жалтақтай қарап,--біздің партияға мүше болғанда ғой, өлмес пе еді...
Билік дәлізінің жердегі «құдайлары» шулап кетіп еді, молда қолын көтерді:
--Айтыңыздаршы, Шындықтың сіздерге қарызы бар ма еді? Өзі жоқ болса да мұнда халық бар. Көп болып...
Министрлер жамырап кетті.
--Маған екі миллион теңге қарыз!
--Маған 370 миллион доллар қарыз!
--Маған қарыз болайын деп жүрген...
Бір кезде табытта жатқан Шындық басын көтерді. Өлікті тірілтетін өтірікке жаны шыдамаса керек. Ол ешкімге қарыз емес еді. Сол-ақ екен, әлгінде ғана шырт түкіріп, шіреніп тұрғандар тым-тырақай қаша жөнелді...

Мұхтар Шерім

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 6 ай бұрын

    Мұхтар, Жағымпаздар министрі, Өтірік министрі, Мафия министрі, Таққұмар министрі, Баққұмар министрі, әртіс депутаттар, кландар мен жыландардың өтіріктеріне жаны шыдамай тірілді, ШЫНДЫҚТАН олар қаша жөнелді, бірақ солар алысқа қашып құтыла алмағаны жайлы ЖАЛҒАСЫН КҮТЕМІЗ

    • 6 ай бұрын

      Ия жалғасын жаздым Ботагөз. "Көлеңкеңізді көтеріп жүрейін..." деп аталады. "Қамшыдағы" інілерім аман болса, жіберемін...

  • 6 ай бұрын

    Мен Темірлан деген ауылда тұрамын. Осы жаназа туралы қорықпай репортаж жазып жүрген сіздің жүрегіңіздің түгі бар екен. Басқа жазушылар да осылай жазу үшін, жүректеріне түк өсіретін дәрі ойлап табу керек.
    жүрегіңіздің түгі бар екен.

    • 6 ай бұрын

      Күшті!

      • 6 ай бұрын

        Рахмет, құрметті оқырманым!

    1
    Кәсіпкер Ресейде 48 адамды ажалдан арашалаған семейлікке 1 млн теңге берді
    15/08 11:28 0 10
    2
    "16 жастағы жігіт құлдықта": полиция тексеру жұмыстарын жүргізді
    15/08 10:34 0 60
    3
    Абай ауылында зорланған 7 жастағы баланың ісіне қатысты жаңа дерек
    15/08 10:08 0 176
    Намаз оқыған оқушыларды балағаттаған мұғалім халықтан кешірім сұрады
    14/08 21:20 0 142
    Норвегияда қазақты орыспен шатастырып, үрке қарайды
    14/08 17:45 0 1407

    Таныстырылғандар

    Қытайдағы Чунцин қаласын су басты (видео)
    Қытайдағы Чунцин қаласын су басты (видео)
    Қытайдағы Чунцин қаласын су басты (видео)
    Тек Чунцин қаласында емес, Ганьсу және Сычуань провинцияларын да су алған екен.
    18/07/2018 16:57 0 1665
    Денис Тенді пышақтап кетті
    Денис Тенді пышақтап кетті
    Денис Тенді пышақтап кетті
    Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Денис Теннің жағдайы ауыр, спортшы өмір мен өлім арасында арпалысып жатыр.
    19/07/2018 16:29 0 1768
    Бауырыңа талай жұртты бассаң да, құшағыңа симай кетті Денис Тен!
    Бауырыңа талай жұртты бассаң да, құшағыңа симай кетті Денис Тен!
    Бауырыңа талай жұртты бассаң да, құшағыңа симай кетті Денис Тен!
    Бауырыңа талай жұртты бассаң да, Құшағыңа симай кетті Денис Тен!
    20/07/2018 15:24 0 1228
    "Қазақтың намысын таптап, қорлап отырғандар жазаға тартылсын"
    "Қазақтың намысын таптап, қорлап отырғандар жазаға тартылсын"
    "Қазақтың намысын таптап, қорлап отырғандар жазаға тартылсын"
    Ұлтты кемсіту, намысқа тию, кикілжің тудыру мәселесі заңмен қудаланатынын ескере отырып хатты оқырман назарына ұсынып отырмыз.
    23/07/2018 17:31 0 3204
    Бәліш үшін аварияға себеп болған жүргізушінің 30 жылдық еңбегі құрыды
    Бәліш үшін аварияға себеп болған жүргізушінің 30 жылдық еңбегі құрыды
    Бәліш үшін аварияға себеп болған жүргізушінің 30 жылдық еңбегі құрыды
    Өйткені, бос көліктің қол тежегішін басуды ұмытып, емін-еркін тамақтануға тастап кете барған.
    24/07/2018 11:24 0 1308
    Орыс тілді жазғыштардың көбейгені сияқты қытайша жазатын жастар көбеюде
    Орыс тілді жазғыштардың көбейгені сияқты қытайша жазатын жастар көбеюде
    Орыс тілді жазғыштардың көбейгені сияқты қытайша жазатын жастар көбеюде
    Заман ауқымына ілесіп, баяғы кеңестік кезеңдегі орыс тілді жазғыштардың көбейгені сияқты қазіргі кезде қытайда қытайша жазатын жастар өсіп келеді.
    24/07/2018 12:24 0 1201
    Қайрат Құдайберген 5 жасар балаға қалай көмектескенін дәлелмен айтып берді
    Қайрат Құдайберген 5 жасар балаға қалай көмектескенін дәлелмен айтып берді
    Қайрат Құдайберген 5 жасар балаға қалай көмектескенін дәлелмен айтып берді
    Депутат Қайрат Құдайберген Орталық балалар ауруханасындағы дәрігерлердің айтқанын теріске шығарды.
    26/07/2018 11:33 5 1431
    Алматыда мүгедек жандарды күтушілерге жаңа жәрдемақы төленеді
    Алматыда мүгедек жандарды күтушілерге жаңа жәрдемақы төленеді
    Алматыда мүгедек жандарды күтушілерге жаңа жәрдемақы төленеді
    Биылдан бастап, 18 жастан асқан 1-ші топтағы мүгедектерді күтушілерге ақы төленеді
    20/07/2018 14:21 0 579
    Елбасыға пікір: "Біз бүгін ауызша ғана "рухани дамып" жатырмыз"
    Елбасыға пікір: "Біз бүгін ауызша ғана "рухани дамып" жатырмыз"
    Елбасыға пікір: "Біз бүгін ауызша ғана "рухани дамып" жатырмыз"
    Әсіресе біз адам тәрбиелеуден кенже қалдық, руxани-мәдени, тәрбие, кейде мораль деген сөзді ұмытып кеттік.
    26/07/2018 16:07 2 2669
    Бұл не сұмдық, «үш айырлы тіл» деген! Тіпті, ондай тіл - айдахарда болмаған
    Бұл не сұмдық, «үш айырлы тіл» деген! Тіпті, ондай тіл - айдахарда болмаған
    Бұл не сұмдық, «үш айырлы тіл» деген! Тіпті, ондай тіл - айдахарда болмаған
    Біз Қазақты жиі қорлап тұрады, Тауып билік - әйтеуір бір ретін.
    30/07/2018 11:37 0 1117
    «I’m a Singer Kazakhstan» сыйлықтар ұсынады
    «I’m a Singer Kazakhstan» сыйлықтар ұсынады
    «I’m a Singer Kazakhstan» сыйлықтар ұсынады
    Науқанға қатысып, 31 арнаның эфирінен 9 қыркүйекте басталатын «I’m a Singer Kazakhstan» халықаралық шоуын тамашалаңыз!
    01/08/2018 17:09 0 624
    Кooпеpативтеpдің 90%-ы элeктронды фoрмaтқa өтy apқылы жeңілдік aлyдa
    Кooпеpативтеpдің 90%-ы элeктронды фoрмaтқa өтy apқылы жeңілдік aлyдa
    Кooпеpативтеpдің 90%-ы элeктронды фoрмaтқa өтy apқылы жeңілдік aлyдa
    OҚO-дa eгіншілікпeн aйналысaтын кooпеpативтеpдің 90%-ы элeктронды фoрмaтқa өтy apқылы жeңілдік aлyдa
    10/08/2018 09:29 0 419
    "Аллаһу Акбар", - деп шу шығарған ақтөбеліктердің кім екені белгілі болды
    "Аллаһу Акбар", - деп шу шығарған ақтөбеліктердің кім екені белгілі болды
    "Аллаһу Акбар", - деп шу шығарған ақтөбеліктердің кім екені белгілі болды
    Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері екі ер адамның полицияға қарсылық көрсеткені түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді.
    13/08/2018 16:50 0 870
    Цифрлық жүйеге көшу бағытында кәсіпорындар бірқатар жұмыстар атқаруда
    Цифрлық жүйеге көшу бағытында кәсіпорындар бірқатар жұмыстар атқаруда
    Цифрлық жүйеге көшу бағытында кәсіпорындар бірқатар жұмыстар атқаруда
    Еліміздегі компаниялар өз істерін жеңілдетіп, қолжетімді ету мақсатында көптеген жобаларды жүзеге асыруда
    14/08/2018 11:46 0 274
    Кәсіпкер Ресейде 48 адамды ажалдан арашалаған семейлікке 1 млн теңге берді
    Кәсіпкер Ресейде 48 адамды ажалдан арашалаған семейлікке 1 млн теңге берді
    Кәсіпкер Ресейде 48 адамды ажалдан арашалаған семейлікке 1 млн теңге берді
    Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов «Семей-Новосібір» бағытындағы өртенген автобустан 48 жолаушыны құтқарған Ержан Амархановпен кездесті
    15/08/2018 11:28 0 10