• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:57:38
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2019 NEWS

Шындықты айтып, шырылдағандарды түрлі айла - амалмен қорқытып жатыр

"4 жыл ішінде мүгедектеріміз көбейіп жатыр. Күні ертесіне олар бізді қорқыта бастады. "Егер айтсаң үйіңді бұзамыз" - дейді"

Түркістан  облысында қоқыс полигоны маңында тұратын халық мүңкіген иіске тұншығуда. Полигоннен келген кесел! Түркістан облысында екі жыл бұрын пайдалануға берілген күл - қоқысқа арналған аумақ сол маңдағы жұрттың мазасын қашырып жатыр. Сайрам   ауданына қарасты Қарабұлақ елді мекенінің тұрғындары түтінге тұншығып, мүңкіген иістен мезі болғандарын алға тартты. Тіпті, мүгедек болып туылған сәбилер де бар екен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды  Еуразия бірінші арнасының дерегін негізге ала отырып.

Бұл - Қарабұлақ ауылының іргесіндегі тұрмыстық заттар қалдығын тастайтын орын. Аумағы атшаптырым жерді алып жатыр. Айналасы пластикалық заттар мен күл-қоқысқа  толып   қалған. 
Сайрам ауданына қарасты 40 елді мекеннің тұрмыстық заттар қалдықтары міне осы полигонға жеткізіледі. Кем дегенде күніне 10 автокөлік күл қоқысты осында әкеп төгеді. Арнайы техниканың көмегімен оны ашықтан - ашық сай салаға көміп жатыр. Тұрғындардың ашуын туғызып отырған да осы мәселе. Өйткені, осы жерден тарайтын кейбір улы заттар біздің балаларымызды улап жатыр дейді.

Артық Қалжәлілов, Қарабұлақ ауылының тұрғыны: Балалардың барлығы ертең мүгедек болады. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде қызметке жарамай қалады. Сонда ертеңгі ұрпағымыз не болады.

Ұшқын Қалжәлілов, Қарабұлақ ауылының тұрғыны: 4 жыл ішінде мүгедектеріміз көбейіп жатыр. Денесіне жара шығып кеткенін көрсетті. Күні ертесіне олар бізді қорқыта бастады. "Егер айтсаң үйіңді бұзамыз" - дейді.

Полигон осыдан жеті жыл бұрын Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен салынған. Қазынадан 49 миллион теңге жұмсалыпты. Әу баста жер көлемі 6.5 гектарға шақталып, кейін жаңа талапқа сәйкес, оның 4.5 гектары қысқартылған. Себебі, күл-қоқыс тастайын орын елді мекеннен кем дегенде бір шақырым қашықтықта болуы шарт екен. Сөйтіп, жергілікті билік әлгі жерді қайта жасақтауға тура келіпті. 

Ал, Сайрам аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ербол Сарыбеков болса қазір, полигонның аумағы 2 гектар. 4.5 гектарды қысқарғанын, сол жерге 49 мың дана ағаш көшеті егіліп, ол жерде көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүріп жатқандығын айтады.

Алайда, әкімдіктің бұл сөзіне халық сенер емес. Шындықты айтып, шырылдағандарды түрлі айла - амалмен қорқытып жатыр дейді.  Дегенмен, бюджеттен қыруар қаражат жұмсап, арнайы жасалған орынды енді басқа жаққа көшіру мүмкін емес. Тек, айналасын абаттандырып, талапқа сәйкестендірсе болғаны дейді әкімдік қызметкерлері. Сондықтан, жергілікті жұртқа басқа салғанға көнгеннен басқа амалы жоқ.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір