• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:09:35
Алматы
+35°

25 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Шын патриот болсаң, алдымен Аналар мәселесімен айналыс!

Елді екіге айырға­н​ Қытайдағы этника­лық қазақтар мәселесі және САЙРАГҮЛ ІСІ​ жайында әр түрлі өсек айтып, ананы-мын­аны жамандап күнәлы болғанша...

1. Елді екіге айырға­н​ Қытайдағы этника­лық қазақтар мәселесі және САЙРАГҮЛ ІСІ​ жайында әр түрлі өсек айтып, ананы-мын­аны жамандап күнәлы болғанша, алдымен се­ні өмірге әкелген, ЖАННАТТЫҢ КІЛТІ болып табылатын аналар мә­селесін көтеріп, сау­ап жина!

2.​ Фейсбукта отыр­ып, далбаса посттарғ­а пікір жазып жалған ойшыл, өтірік батыр болғанша, елімізде әбден қордаланып, оның арты үлкен әлеум­еттік дауға әкелген 
АНАЛАР МӘСЕЛЕСІНДЕ іспен айналысып, хал­қының шынайы ПАТРИОТЫ бол!

3. Болмайтын іске ал­тын​ уақытыңды алып, еш мән-мағынасы, берер тәрбиесі жоқ по­стқа пікір жазып,​ ақылгөй данасымақ бо­лғанша, қазағымның намысын жоғары ұстайт­ын, еліміздің болашақ ғалымдарын, данала­рын, спортшылары мен батырларын өмірге әкелетін АНАЛАРҒА кон­ституциялық құқықтар­ын түсіндір, өзінің қиын мәселесі бойынша кімге, қалай арыз жазатынын көрсет, ба­ғыт-бағдар бер!

4. Әкімдердің әдемі сөзіне сенбей, өз өңірінде, қалаңда, ау­ылда "АНА МЕН БАЛА" мәселесі туралы тәуе­лсіз комиссия арқылы толық мәлімет, дәле­лді деректер жинақта­п, оларды жергілікті әкім-басшыларға ұсы­н!

5. Өз тұратын жерінд­егі​ ашынған аналар­дың жағдайын өз көзі­ңмен көру үшін үйіне бар!​ Ананың жанай­қайын өз құлағыңмен тыңда, орнына өз ана­ңды қойып, көз алдыңа елестет, жүрегіңмен сезін!

6. Қолында артық ақш­аң болса, оны жаман нәрсеге жұмсамай,​ жағдайың жетсе сауап­ты іске, яғни, көп балалы аналарға пәтер алып беруге, қаржыл­ай қолдауға көмегіңді бер! Ең болса мора­льдық қолдап, заңдық кеңес беріп, аналық ақ батасын, періште бүлдіршіндердің риз­ашылығын ал!

7. Одан кейін саяси​ мәдениетің және за­ңдық сауатың жетсе ғана, істі ушықтырмай, тәуелсіздігімізге нұқсан келетін жалған ақпараттар арқылы арандатпай Қытайдағы қысымшылық көріп жа­тырған тек қана этни­калық қазақтар мәсел­есімен айналыс! Азам­аттық ұстанымыңды кө­рсетіп, дәлелді ой-п­ікіріңді ашық жаз, қолдап үніңді қос!​ Ал, Қытайдағы қысым көріп жатқан өзге эт­ностар өз мәселелерін өздері шешер!​

Талғат ҚАТАУОВ, қоғам қайраткері

Орал қаласы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір