• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:53:54
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2019 NEWS

Шымкенттің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Ол 2017 жылдың қарашасынан 2018 жылдың маусымына дейін Шымкент қаласының әкімі болды.

Нұрлан Сауранбаев президент әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, – деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметінің дерегіне сүйеніп.  

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.

Ол 2017 жылдың қарашасынан 2018 жылдың маусымына дейін Шымкент қаласының әкімі болды. 

Сауранбаев 1967 жылы 20 мамырда туған, білімі жоғары, мамандығы – экономист.

1990 жылдары "Еңбек" компаниясын басқарды, Қазақстанның кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры болған. 

2011 жылдан 2014 жылға дейін индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметін атқарды. Кейінірек   қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылдың ақпан айынан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы лауазымын иеленді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір