• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:36:09
Алматы
+35°

28 Қыркүйек, 2018 NEWS

Шымкенттік бұқалардың ғажаптығы сондай, 30 литрға дейін сүт береді (видео)

Орта есеппен сиырлар қысқы уақытта 5 литр сүт береді. Ал бұқалар 30 литр.

KazAgroGreen компаниясының бас директоры Бақытжан Көпбаев Шымкент қаласындағы ауылшаруашылық басқармасының заңсыз әрекетін әшкере етпек. Кәсіпкердің айтуынша, қалада күніне 30 литр сүт шығаратын бұқалар бар екен-мыс. Министрліктің құжатында сүт беретін сиырлармен қоса тізімде бұқалар да бар, жай бұқа емес, сүт беретін бұқалар. Әрі оларға субсидия беріледі екен. Мұны «халықтың ақшасын жымқыру, жемқорлық» деген Бақытжан Көпбаев әділдікке қол жеткізбек ойда.

«Сенесіздер ме, Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегіне сүйенсек, алғаш рет Қазақстанда, Шымкентте кәдімгі бұқа 30 литр сүт шығарады. Оны қалай сауатынын білмеймін, бірақ сүт шығаратын бұқалар бар екен. Тіпті субсидия да береді. Күніне 30 литр сүт. Орта есеппен сиырлар қысқы уақытта 5 литр сүт береді. Ал бұқалар 30 литр. Әрі «сүт беретін бұқаларға» субсидия беріледі екен.  

Біздің қоғамдық ұйым екі жарым жыл бойы ауыл шаруашылығындағы жемқорлықты әшкерелеумен айналысып келе жатыр. Экономистер, заңгерлер топ болып істеп жатырмыз. Бірнеше қылмысты әшкерелеп, құқық қорғау органдарына өткізіп келеміз. Ал бұл жолы санаға симайтын дүниенің куәсі болдым – бұқаны сиыр ретінде өткізіп, бұқа күніне 30 литрге дейін сүт тапсырады, өкіметтен субсидия алады. Ол бұқаны өзім көргім келіп жүр. Бұл – халықтың қаржысын жымқырып жүргендердің әрекеті», - деді Бақытжан Көпбаев.

Видеоны көрген Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Бақытжан Көпбаевтың өзімен байланысты. Айтуынша, видеоны түсірер бұрын дәлелдер мен құжаттарды қолдарына түсіріп, бірнеше рет тексерген. Құқыққорғау органдары, прокуратура, ІІД өкілдері келіп, іспен айналысуды бастап кетті.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінде электрондық база болмағандықтан әр малдың адам сияқты ИСЖ деген нөмір бар. Сол нөмірмен сүт беретін сиырлардың арасында бұқалар да бар. Мұны істеп отыратын алаяқтар халықтың ақшасын жымқырып отыр», - деді.

Көпбаев қолындағы құжаттарын бізге көрсете қоймады, алдағы уақытта журналистер арасында баспасөз мәслихатын өткізеді, сонда ақиқатқа халықтың көзі жететініне кәсіпкер сенімді.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір