• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:18:50
Алматы
+35°

20 Шілде, 2018 Аймақтар

Шымкенттегі жаңа миграциялық ХҚО «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет етеді

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі жазды

Жақында республикалық маңызы бар қалалардың бірі Шымкентте миграциялық ХҚО ашылып, ол еңбек мигранттарына мемлекеттік қызметтер көрсетуде. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі digitalkz.kz сайтына сілтеме жасап.

 22-ші маусымда Шымкент қаласында миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысына кіріскен болатын. Оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ-мен бірлесіп ашқан еді.

МХҚО-да шетелдік азаматтар мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша бекітілген стандартқа сай ала алады. Олар: электрондық кезек, арнайы жабдықталған жұмыс орындары, профильді мамандар және ыңғайлы жұмыс кестесі. Қызмет алушылар 1-2 сағаттың ішінде медициналық тексерістен, дактилоскопиядан өте алады. Сондай-ақ сақтандыру полисін рәсімдеп, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) ала алады.

Жаңа МХҚО жұмыс барысын жеңілдетіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын-алуға жол ашады. Жыл басынан бері көші-қон бағыты бойынша 267 287 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ержан Жеңісбековтың айтуынша, елімізге келген шетелдік азаматтар құжаттарын 1 күннің ішінде алу мүмкіндігіне ие болды. Ал, бұрын бірнеше күн кететін.

«Бұрын шетелдіктер жұмыс істеуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарын рәсімдеп, бірнеше күн жүретін. ЖСН алып, салық мәселесін шешіп, сақтандыру анықтамасына қол жеткізу үшін бірнеше мекемені аралаушы еді. Енді шетелдіктер құжаттарды бес күн бойы емес, бір күннің ішінде рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды.  Бұл мигранттар үшін ғана емес, жұмыс беруші үшін де өте қолайлы», - дейді ол.  

Өңірдегі жаңа орталық Нұрсат ықшамауданы, Байтереков көшесі, 89 үй мекенжайында орналасқан.  Аталған мекеме таңғы сағат 09-дан кешкі сағат 18.30- дейін, түскі үзіліссіз қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, еліміздегі ең алғашқы миграциялық ХҚО 2018 жылдың қаңтарында Астанада ашылған болатын. Оның негізгі мақсаты - көші-қон қызметін оңтайландыру. Жалпы миграциялық ХҚО өз кезегінде көші-қон саласындағы кедергілерді жоюға бағытталып, шетелдік азаматтарға мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетуде. Жақында осындай орталық Астана қаласының Есіл және Сарыарқа аудандарында ашылмақ. Бұған қоса, Алматы және Ақтөбе қалаларында миграциялық ХҚКО ашылады деп жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір