• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:22:28
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2018 NEWS

Шымкентте өзіне қол салған оқушының қалтасынан жыртылған хат табылды (фото)

16 жастағы оқушының ата-анасы жыртылған хаттағы аты-жөні жазылған адамдарды тапқысы келеді және ұлының өліміне олардың қандай да бір қатысы бар...

10 ақпанда Шымкент қаласы Қайнар бұлақ саяжайында №83 мектептің оқушысы асылып қалды. Баланың өлі денесін ата-анасы тауып алған. Біраз уақыттан кейін қайтыс болған баланың қалтасынан бірнеше адамның аты-жөні жазылған хат табылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz сайтының дерегін назарға ала отырып. Бұл хат жыртылып қалыпты.

Мектеп қызметкерлері мен көршілер де 16 жастағы жасөспірім туралы жақсы пікір білдірді.

Жоғары сынып оқушысының анасы ұлының көңіл-күйі түскенін байқаған. Алайда тестті ойдағыдай тапсыра алмауы себеп болған шығар деп аса мән бере қоймапты.

«Ол әдеттегідей үйге келіп шай ішкісі келетінін айтты. Ол белгісіз бір тестті тапсырғысы келген. Бірақ оның 500 теңгесі болмағандықтан, оны қабылдамапты. Мен оның ызаланып, әрі ренжіп тұрғанын байқадым. Ұлым аулаға шығып кетті, ал мен дастархан жайып, шайдың қамын жасап жатқан едім. Бұл шамамен кешке жақын болды. Мен ұлымды шай ішуге шақырайын деп аулаға шықсам, ол жоқ екен. Оны іздеп моншаға барсам, ол асылып қалған...», деп ағыл-тегіл жылады анасы Фатима. 

жыртылған хат

Жасөспірімнің анасының айтуынша ұлы сол күні әпкесіне хабарласып, 7000 теңге сұраған. Себебі оған жоғары сынып оқушылары күн бермеген.

Жыртылған хатты ұлының қалтасынан анасы тапқан. Туысқандарының айтуынша, бұл хатты полиция қызметкерлері алып кеткен. Фатима бұл хат ұлының өлер алдындағы соңғы хаты екеніне сенімді.

«Мен бұл оқиға туралы естіген бойда мектеп оқушысының үйіне бардым. Бұл барлығымызға ауыр соққы болды. Мен не болғанын әлі күнге дейін түсінбей отырмын. Өзім жұмыс істейтін мектептің оқушылары осындай жағдайға тап болды дегенге сене алмаймын. Мектепте жоғары сынып оқушыларының арасында ақша жинау оқиғасы бұрын болмағандықтан, олар аса қатты бақылауға алынбады. Кеше қайтыс болған оқушының сыныптастарын жинап, бұл оқиға туралы не білетіндерін сұрадым. Алайда олар ештеңе білмейтінін айтты», дейді мектеп директоры Берікбай Михеев.

16 жастағы оқушының ата-анасы жыртылған хаттағы аты-жөні жазылған адамдарды тапқысы келеді және ұлының өліміне олардың қандай да бір қатысы бар екеніне сенімді. Ал Қайнар-бұлақ тұрғындары қыршыннан қиылған жігітті жаназа намазынан кейін  жер қойнына тапсырды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір