Шымкентте 6 балалы ананы пәтерінен қуып жатыр

Шымкентте 6 балалы ананы пәтерінен қуып жатыр
ⒸВидеодан скрин

Бір апта бұрын ғана Фозила Досметованы көпшілігі үшемнің туылуымен құттықтаған болатын. Екі қызы мен бір баласы бар әйел үшем босанып, көпбалалы аналар қатарына қосылған еді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz сайтының мәліметіне сүйеніп.

Өткен аптада дүниеге келген балалар уақытынан ерте туылған, анасының да жағдайы ауыр болыпты, алайда дәрігерлер балалар мен ананың өмірін сақтап қалған. Ал бүгінде Фозила Досметова балаларын жалғыз өзі бағып отырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, бұл отбасының күнкөріс жағдайы тым төмен, өздерінің жеке баспанасы да жоқ екен. Ең қорқыныштысы, алты бала анасымен көшеде қаңғып қалудың сәл-ақ алдында тұр, оларды жалдамалы пәтерлерінен қуып жатқан көрінеді.

Оның құрбысы Ұлболсын Абдауалиева көпбалалы ананың қандай жағдайда күнелтіп жүргенін көрсетті. Жақында ғана босанып шыққан әйелді балаларымен екі күннен кейін тағы да ауруханаға алып кетіпті. Дәрігерлер үшемнің денсаулығына алаңдап отыр екен, екі бөлмелі пәтердің іші суық, ал жылытатын құралды пайдалану тым қауіпті дейді. Әйелдің қалған үш баласы ағаш тақтайдың үстінде ұйықтайтын көрінеді және үйдің ішінде шомылып, кір жуады екен. Бір сорақысы, жақын арада көпбалалы отбасы бұл пәтерлерінен де айырылмақ. Жалдамалы пәтердің иесі отбасынан жақын күндері үйді босатуын талап етіпті.

«Олар бұл үйде екі жылдан бері тұрып келеді. Ал қазір бұларға көшіңдер деп айтып жатыр. Біріншіден, бұл отбасының үлкен қарызы бар. Екіншіден, олар жылытатын пешті қолданып отыр. Үйдің иесі Астанадағы қайғылы оқиға қайталана ма деп қорқуда. Енді бұл отбасы қайтпек? Қай жерді паналайды?» - дейді құрбысы.

Балаларының үлкені 17 жаста – Гузаль Досметова, кейін 16 жастағы Шадияр – екеуі жақын маңдағы дүкеннен азық-түлікті қарызға алады екен. Екі жасөспірім мектепте оқиды, бірақ олардың автобусқа мінетін ақшалары да жоқ. Аналары ауруханада кезде көршілері қолдарынан келгенше көмектесіп отырыпты. Гузальдың айтуынша, мұндай ауыр жағдайда тұрып жатқандықтан, мектепте оқу үлгерімдері де айтарлықтай жақсы емес екен.

«Біздің жағдайымыз тым қиын, біз де барлық адамдар секілді жақсы өмір сүргіміз келеді, анамызды қатты сағындық. Өлместің күйін кешіп жүрміз. Мектебіміз үйден тым алыста орналасқан, автобусқа мінетін ақшамызды әзірге анамның құрбысы беріп отыр. Азық-түлікті де қарызға алып отырмыз, бірақ оны да қашанға дейін қарызға бере береді екен... Маған ҰБТ-ға дайындалу керек, бірақ қазір оған тіпті мүмкіндік жоқ. Мектебіміз алыста болғандықтан екі автобуспен барамыз. Ал енді баспанамыздан да айырылайын деп отырмыз...» - дейді Гузаль Досметова.

Заңгер Нұрбол Нұрханов бұл отбасының жағдайын ести сала көмектесуге ниет білдірген. Ол көпбалалы анаға мемлекеттен әлеуметтік көмек алу үшін құжаттарын дайындауға көмектесіп жүр.

Айта кетейік, Фозила Досметова бірер жыл бұрын екі баласымен жесір қалған. Кейін екінші рет құрған отбасы сәтсіз болса, үшінші күйеуі бұл әйелдің аяғы ауыр екенін білгеннен кейін Өзбекстанға қашып кетіпті. Бұдан бөлек, отбасының 800 мың теңге несиесі бар екен, бірақ оны төлеуге көпбалалы ананың жағдайы жетпейді.

Ұсынған: Назерке Лабихан

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Назарбаев: Менің сайлауға қатысқанымды қалайтындар көп
    23/04 12:28 0 193
    2
    "Балуан Шолақ" түсірілген Тоғызбұлақтың таңғажайып табиғаты (фото, видео)
    23/04 12:10 0 237
    3
    Ысырапшылдық – байлықтың қас жауы
    23/04 11:52 0 97
    "Нұр Отан" президенттікке үміткер ретінде Тоқаевты ұсынды
    23/04 11:27 0 476
    «Қазақтың қазанаты қайда?» деп президенттікке кандидат ретінде тіркелген азамат кім?
    23/04 11:13 0 317

    Таныстырылғандар

    Тоқаев: Мен мұндай насихатқа мұқтаж емеспін
    Тоқаев: Мен мұндай насихатқа мұқтаж емеспін
    Тоқаев: Мен мұндай насихатқа мұқтаж емеспін
    Ақтауда менің суретім бейнеленген 14 билборд қойылғанын естідім.
    12/04/2019 15:48 0 1020
    ШҚО-да қала әкімі көз жұмды
    ШҚО-да қала әкімі көз жұмды
    ШҚО-да қала әкімі көз жұмды
    Ол еңбек жолын 1995 жылы бастады
    13/04/2019 10:57 0 6778
    ҚР Үкіметі президент сайлауына қанша қаржы бөлді?
    ҚР Үкіметі президент сайлауына қанша қаржы бөлді?
    ҚР Үкіметі президент сайлауына қанша қаржы бөлді?
    Құжат 29 сәуірге дейін талқыланады
    15/04/2019 16:22 0 436
    Елімізге белгілі еңбек сіңірген қайраткер өмірден озды
    Елімізге белгілі еңбек сіңірген қайраткер өмірден озды
    Елімізге белгілі еңбек сіңірген қайраткер өмірден озды
    Қазақ руханиятына жасаған адал қызметі ешқашан ұмытылмайды... - деп жазады министр
    16/04/2019 10:18 0 972
    Павлодарда XI республикалық пән олимпиадасы өтті
    Павлодарда XI республикалық пән олимпиадасы өтті
    Павлодарда XI республикалық пән олимпиадасы өтті
    Сайыс нәтижесі psu.kz сайтында және басқа да БАҚ-та жарияланады.
    16/04/2019 11:29 0 224
    Бейімбеттің сөзі, Ахаңның көзіндей аңқылдаған азамат еді...
    Бейімбеттің сөзі, Ахаңның көзіндей аңқылдаған азамат еді...
    Бейімбеттің сөзі, Ахаңның көзіндей аңқылдаған азамат еді...
    Ұлттың ұлы ұмытылмайды.
    17/04/2019 09:38 0 372
    Айуандықпен өлтірілген кәсіпкердің ұлы сұмдық шындықты жайып салды
    Айуандықпен өлтірілген кәсіпкердің ұлы сұмдық шындықты жайып салды
    Айуандықпен өлтірілген кәсіпкердің ұлы сұмдық шындықты жайып салды
    Шымкентте өңірге танымал ірі кәсіпкер мен оның жұбайын айуандықпен өлтіріп, миллиондаған ақшасы мен дүниесін алып кеткен көлік жүргізушісінің соты өтуде
    17/04/2019 11:25 0 5322
    Үлкен тұрғындары АЭС-ті асыға күтуде. Неге?
    Үлкен тұрғындары АЭС-ті асыға күтуде. Неге?
    Үлкен тұрғындары АЭС-ті асыға күтуде. Неге?
    "Негізі, өмір сүруге болады, - дейді тұрғындар. – Шынын айтқанда, біз үйреніп кеттік".
    17/04/2019 11:48 0 621
    Жетісайдағы зорлық-зомбылық: желіде таратқандар жазалануы мүмкін
    Жетісайдағы зорлық-зомбылық: желіде таратқандар жазалануы мүмкін
    Жетісайдағы зорлық-зомбылық: желіде таратқандар жазалануы мүмкін
    Түркістан облыстық полиция департаменті желі қолданушыларына қатаң ескерту жасады.
    17/04/2019 15:02 1 954
    Президент аккаунтын коммерциялық мақсатта қолданып жүр
    Президент аккаунтын коммерциялық мақсатта қолданып жүр
    Президент аккаунтын коммерциялық мақсатта қолданып жүр
    Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Фейсбук парақшасында жариялады.
    17/04/2019 16:30 0 489
    Үстіне шкаф құлап, еріні жыртылған баланың ата-анасы наразылық білдіруде
    Үстіне шкаф құлап, еріні жыртылған баланың ата-анасы наразылық білдіруде
    Үстіне шкаф құлап, еріні жыртылған баланың ата-анасы наразылық білдіруде
    Енді істің анық-қанығын нақтылауға полиция кірісті.
    18/04/2019 09:18 0 354
    Азат Перуашев Гүлшара Әбдіқалықоваға хат жолдады
    Азат Перуашев Гүлшара Әбдіқалықоваға хат жолдады
    Азат Перуашев Гүлшара Әбдіқалықоваға хат жолдады
    Азат Перуашев Үкіметке тарихи атаудың қайтарылуына дәлелдер келтірді
    18/04/2019 11:06 2 1013
    Қазақстандық қаламгерлердің шығармалары әлемнің 6 тілінде басылып шықты
    Қазақстандық қаламгерлердің шығармалары әлемнің 6 тілінде басылып шықты
    Қазақстандық қаламгерлердің шығармалары әлемнің 6 тілінде басылып шықты
    Бұл кітаптар Алматыда Достық үйінде таныстырылды
    18/04/2019 12:30 0 409
    Жетісайдағы жауыздық: Үш қыздың әкесі – салафит
    Жетісайдағы жауыздық: Үш қыздың әкесі – салафит
    Жетісайдағы жауыздық: Үш қыздың әкесі – салафит
    Әркімнің өз шындығы бар!
    19/04/2019 11:32 0 4886
    Шри-Ланкадағы лаңкестік: қаза тапқандар саны артуда
    Шри-Ланкадағы лаңкестік: қаза тапқандар саны артуда
    Шри-Ланкадағы лаңкестік: қаза тапқандар саны артуда
    Қаза тапқандар арасында 35 шетелдік азамат бар.
    22/04/2019 00:34 0 239