• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:18:49
Алматы
+35°

02 Қазан, 2018 NEWS

Шымкентте 11 жастағы баланы зорламақ болған педофилге үкім шықты

11 жастағы балаға тап беріп, зорлық әрекет жасамақ болған 33 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты.

Шымкенттегі көп қабатты үйдің подъезінде 11 жастағы балаға тап берген ер адам 15 жылға сотталды. Бұл туралы Tengrinews.kz порталына қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады.

«11 жастағы балаға тап беріп, зорлық әрекет жасамақ болған 33 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты. Сот үкімі бойынша ҚР ҚК 121-бабының 4-бөліміне сәйкес 15 жылға сотталды. Сот шешіміне сәйкес ер адам жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейтін болады. Сот процесіне баланың заңды өкілдері қатысты, өзі қатыспады. Сотталушы баланың жақындарынан кешірім сұрап, өкінетіндігін жеткізді. Ол 21 қыркүйекте 15 жылға сотталды», - деді сот.

Айта кетейік, шілденің басында әлеуметтік желіде кәмелет жасқа толмаған жасөспірім балаға шабуыл жасаған видео тарап, қазақстандықтардың жағасын ұстатқан. Этика тұрғысынан сайтымыз видеоны жарияламады. Оқиға Шымкентте 1 шілде күні болды. Видеодан ер адамның баланы подъезге кіргізіп, артынша баспалдақтың артына жасырынғанын байқаймыз. Кейін кіреберіске бір әйел кіріп қалып, ер адам сыртқа қарай қаша жөнеледі. Видео бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Кейін полиция анықтағандай, күдікті 1985 жылғы Шымкент тұрғыны болып шықты.

Араға 20 күн салып педофилдің құрбаны бола жаздаған бланаың әкесі жүрек талмасынан қайтыс болды. Баланың әжесі мұның себебін щілденің басында болған оқиғадан екенін айтты. Айтуынша, баласының жан қиналысын жүрегі көтере алмаған. Әрі әжесі сол күнгі оқиғаның қалай болғанын журналистерге айтып берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір