• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:47:45
Алматы
+35°

27 Наурыз, 2018 NEWS

Шығыс Қазақстанда сары қар жауды (фото)

Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданына сары қар жауды.

Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданына сары қар жауды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сілтеме жасай отырып. Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде қардың суретін жариялады. Кейбіреулер бұған коммунальдық қызметтердің көшеге себетін тұз бен құм аралас қоспасы себеп болуы мүмкін екенін айтып жатыр. 

«Біз мұндай қоспа жасамаймыз, оның үстіне сары қар қалаға ғана емес, таяу маңдағы ауылдарға да жауды», — дейді коммунальдық кәсіпорынның директоры Сергей Смирнов. 

сары қар

Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының мамандары қардың неліктен сары түске боялғанын облыс орталығындағы зертханада анықтауға болатынын айтқан.    

сары қар

Өткен жұмада сары түсті қар Ресейдің Сочи қаласына жауды. Мамандар мұны солтүстік Африкадағы шаңды дауылмен байланыстырды. Құм түстес қар Украинаның  Измаил қаласына да жауған.  

Қазақстандағы ерекше қардың осы жағдайлармен байланыс бар-жоғы әзірге белгісіз.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір