• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:48:57
Алматы
+35°

13 Шілде, 2018 Әдебиет

"Шетелге кетем, елге оралмаймын" деген досыма

Жақсы өмірді жасауың бауырым-ау, Жұдырықта жұмылған, шетелде емес!

 

Кетпе, досым!
"Шетелге кетем, елге оралмаймын" деген досыма жыр.

Мынау сенің отаның туған жерің,
Асықтай боп қуанды туғанда елің.
Алты Алаштан алыстап кетем дейсің,
Алты құрлық қаша алмас қуғанда өлім!

Мынау сенің тауларың, өзендерің,
Ал сен болсаң әлемді кезем дедің.
«Жалақысы жетпейді» деп жылама,
Өз үйіңе баратын өз еңбегің!

«Шетел» дедің, баратын енді мекен,
Сол шетелің біздерді көрді ме екен?
Сенің әнің әрдайым шырқалсын деп,
Бабаң үні ішінде өлдім, көкем!

«Кетем» дедің, кетерсің кеткендермен,
Сен үшін деп ата-анаң төккен термен.
Сен кеткенде артыңда жұртың қалар,
Ұлы той деп барлығын көппен көрген.

«Өмір сүру қиын» деп сын айтасың,
Ана жақта сен кімге сыр айтасың?
Сенің анау үйіңнің әкең кеше,
Салды емес пе сүйретіп бір ай тасын...

Сенің әкең шыдаған отбасым деп,
Әйел-балам жат жерде жатпасын деп.
Туған жерге туыңды тігіп берсе,
Неге бұрдың жат жерге ат басын кеп?

Білім іздеп келем де марқаямыз,
Сен туралы айтамыз жарты ай аңыз.
Бәлкім сенің арқаңда шалқаямыз,
Шетелсіз-ақ шіреніп қартаямыз!

«Кетем!» деме, «Келем!» де ілім алып,
Біз білмеген білімді біліп алып.
Кеткендерге көрсетші көк туыңды,
Қолдарынан солардың жұлып алып.

Сен кетпесең, олар да кетем демес,
Қарашы әне, күн сайын екі елде егес.
Жақсы өмірді жасауың бауырым-ау,
Жұдырықта жұмылған, шетелде емес!

Бір қазақтың баласы елім десе,
Еміренер жылаған елің кеше.
Мың қазақтың тағдыры қолында тұр,
Бір қазақтың баласы ерінбесе!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір