• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:27:42
Алматы
+35°

02 Қаңтар, 2019

Шетелдік фанаттардың өтініші: "Ұлдарыңызды бағалаңыздар!"

Димаш, сіз генисіз! Сіздің орындауыңыздағы тағы бір шедевр.

Димаш Құдайберген "Олимпийский" кешенінің сахнасында тұрып Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен "Шаршаған аққулардың махаббаты" атты әнді орындады. Талантты қазақстандықтың тыңдармандары оны тағы да гүлдің астында қалдырды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігі жазды. 

Концерт желтоқсан айының басында түсірілген болатын. Ал телеарнадан 1 қаңтарда көрсетілді.

"Шаршаған аққулардың махаббаты" атты туындының сөзін Михаил Гуцериев, ал әнін Игорь Крутой жазған. Алғаш рет Димаш бұл әнді 10 қараша күні Ресейдің құқық қорғау органдары қызметкерлері күніне орай Кремль сарайында өткен концертте шырқады.

Әншінің әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандары видеоның астына қазақ әншісінің талантына қайран қалғандарын жарыса жазып жатыр. Сондай-ақ, олар қазақстандықтарды Димаштай талантты бағалауға шақырды. 

 

"Димаш, сіз генисіз! Сіздің орындауыңыздағы тағы бір шедевр. Мереке күндері керемет көңіл-күй сыйлағаныңыз үшін рахмет", "Браво! Таңғажайып Димаш! Отбасымызбен жиылып күттік. Дауысыңыз жүрегімізді тебірентті", "Айтарға сөзім жоқ! Тек үнсіз тыңдау керек", "Қазақ әнді жақсы айтатын халық. Сол себепті ол жерде мұндай таланттардың дүниеге келуі орынды. Құдай секілді", "Қазақстандықтар, ұлдарыңызды бағалаңыздар! Алла жамандықтан сақтасын", "Димаш тек Қазақстанның мақтанышы емес. Беларусь елі де онымен мақтанады" деп жазды желі қолданушылары.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір