• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:36:58
Алматы
+35°

17 Ақпан, 2017 NEWS

ШЕТЕЛДІК АЗАМАТ НАЗАРБАЕВҚА АҚТӨБЕДЕГІ БЫЛЫҚТАРДЫ БАЯНДАП, ХАТ ЖАЗДЫ

Ақтөбеде жұмыс істейтін шетелдік инвестор Геннадий Бельц ҚР президентіне жазған хатында салық комитеті мен сотқа шағымданған деп жазады 

Ақтөбеде жұмыс істейтін шетелдік инвестор Геннадий Бельц ҚР президентіне жазған хатында салық комитеті мен сотқа шағымданған деп жазады diapazon.kz. Ол үнемі өзгеріп тұратын заңдар мен үлкен көлемдегі айыппұлдар және инвесторлардың қала мен облыс әкімдердің қабылдауын жарты жылдап күтетініне көңілі толмайтынын жеткізді.  

«Мен Германия азаматы 1-ші топтағы мүгедекпін. «Бриг» ЖШС иесі және басшысы болғаныма 25 жыл толды. Қазақстан азаматтарын жұмыс орнымен қамтамасыз еттім. Жыл сайын 450 миллион теңгеден астам қаржы салық және т.б себептермен міндетті төлемдерге кетеді. Біздің компания қайырымдылыққа көп қаржы бөледі. Оның ішінде әлеуметтік мәселелерді шешу, Ақтөбені абаттандыру және қаланың сыртқы көрінісін жақсарту бар. Жеке өзімде және мен басқаратын компанияның оффшорла шоты жоқ. Тіпті жеке ақшамның өзін қазақстандық банктерде сақтаймын.

Нұрсұлтан Әбішұлы, сіздің шетелдік инвесторларды тарту мақсатында жұмсап жатқан күш пен еңбегіңізді көріп қуанамын. Бірақ шенеуніктердің әрекеті мен сот жүйесіндегі заңсыздықтарды көріп шетелдік инвестор және Қазақстанда 25 жыл бойы жұмыс істеп жүрген адам ретінде ертеңгі күніме сенімсіздікпен қарап қана қоймай, өзіме және кәсібіме қауіп-қатер бар екенін сеземін. Ақтөбелік сот және мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері сіздің құпия нұсқаулықтарыңызды алға тартып, салық төлемін жасағанға дейін заңсыз және негізсіз үстеме ақшалар мен айыппұлдарды төлетеді. Осылайша бюджетті толтырып отыр. Менің ойымша, олар жемқорлыққа жағдай жасауда. Шешімдер мемлекеттің мүддесіне емес, Қазақстан экономикасына зардап әкелуге негізделген.   

Ақтөбе облысындағы мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері жасанды түрде салық бойынша 19 миллион теңгеге берешек етіп және үстеме ақшаны 7 миллион теңгеге есептеді. Сот хаттамасында сомма 3 есе көп болып шықты. Айыппұлдарды тексеру нәтижесіне емес, хаттамадағы дәйексіз көрсетілген соммаға негізделіп белгіленді. Прокурор бұған көз жұма қарады.

2014 жылдың 12 наурызында шетелдік компания «Брига»-ны алкаголь ішімдіктерін сату барысында тауар белгісінде заңсыздықтар болды деп сотқа шағым түсірді. Бірінші және келесі сот инстанциялары оның ішінде Жоғарғы сот «Бриг» ЖШС қызметін заңды деп тапқан. Алайда осыған ұқсас істе Жоғарғы сот алқасы басқа шешім қабылдады. Кәсіпкер компаниясының жұмыс істеп жатқан 5 жылында өз мүддесі мен соттардағы басқа заң бұзушылықтарға қатысты 20 мәрте сотқа жүгінген.

«Іске асуы мүмкін емес нормативті-құқықтық актілер не үшін қабылданады? Жемқорларға жақсы жағдай жасап беру үшін бе? Әлде кәсіпкерлікті жою үшін бе? Кәсіпорынның болмашы қателіктері үшін әкімшілік жазаға тартатын мұндай нормалар не үшін ойлап табылған? Инвестициялауға қатысты шешім қабылдағанда инвестор  Қазақстандағы салық жүктемесі,  еңбек заңнамасы секілді сауалдарды барлығын қарастырады. Сараптап болғаннан кейін инвестор экономиканың қандай да бір саласына инвестиция құя ма, әлде жоқ па соны шешеді. Алайда қала мен облыс әкімімен инвестициялық немесе кәсіпкерлікті дамыту және кеңейтуге қатысты  сұрақтарды келісу үшін жарты жыл күтесің. Осыдан кейін  инвесторлар үшін қандай жақсы жағдай туралы айтуға болады. Осы факттердің барлығы Қазақстандағы инвестициялық климатына жағымсыз әсер етеді. Сіздің сөздеріңізді кейбір жерлерде естімейді немесе сіздің беделіңізді түсіру үшін әдейі инвесторларға нашар жағдай жасайды. Мен көптеген шетелдік кәсіпкерлермен сөйлесемін. Олардың көбі Қазақстан экономикасына инвестиция салғысы келеді. Алайда жетілдірілмеген және жемқорлық жайлаған сот жүйесі, мұқият ойластырылмаған және үнемі өзгеріп отыратын заң мен бақылаушы және сот органдарының бассыздықтары инвесторларды қашырады» дейді инвестор.

Аударған: Әсем Әлмұханбет

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір