• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:12:37
Алматы
+35°

23 Ақпан, 2017 NEWS

Шетелдердегі қазақ балалары бақытты ма? (ВИДЕО)

Режиссер Қанат Бейсекев америкалықтар асырап алатын Қазақстан балалары жайында түсірілген «Бала» атты фильмнің тұсауын кесті. Қанат Бейсекеевпен

Режиссер Қанат Бейсекев америкалықтар асырап алатын Қазақстан балалары жайында түсірілген «Бала» атты фильмнің тұсауын кесті. Қанат Бейсекеевпен tengrinews.kz тілшісі сұхбаттасып қайтты. 40 минутқа созылатын фильмді түсіру үшін автор 5 мың доллар қаржы жұмсаған.

Айта кетерлігі, фильм бір ғана камераға түсірілген. 22 ақпан күні Chaplin кинотеатрында фильмнің алғашқы премьерасы өтті.

Фильм желісі шет елдіктер асырап алған жетім балалар жайында өрбиді. Жоба 8 түрлі оқиғаға негізделген.

«Мен негізі 11 оқиға түсіргенмін, бірақ фильмге 8-і ғана енген. Түсірілім барысында мен нағыз қазақтарды, нағыз талантты балаларды жолықтырдым. Әр адамның басынан кешкен оқиғасы әр түрлі. Олар америкалық отбасының махаббатына бөленіп өскен балалар болса да, өздерінің қазақ екендерін іштей сезіп жүреді. Менің мақсатым олардың Америкадағы өмірлері жайында, сондай-ақ Америкада тәрбиеленген қазақ балаларының бірнеше жылдардан кейінгі келбеті жайында түсіру болды. Картина «жанашыр» адамдардың қосқан ақшаларына түсірілді. Ең алғаш қаржы жағынан көмектескен Әлішер есімді азамат болды. Ол менің мүмкіндіктеріме сеніп, қолыма 100 доллар тапсырды. Жалпыхалықтық көмектен кейін 5 мың доллар жиналды», - деді Қанат Бейсекеев.

Фильмнің алғашқы кейіпкері 2015 жылы Филадельфияда түсірілді. Көп отбасы БАҚ өкілдерімен байланысқысы келмей, фильмге түсуге қарсылық танытып жатты.

Фильмге түсуші кейіпкерлер өздерінің Қазақстандық екендерін жақсы біледі. Тіпті, бір асыранды қыз Ақтөбеде тұратын туған анасына жиі барып тұрады екен. Бейсекеевтің айтуынша, фильм кейіпкерлері түсірілімнен кейін өз туған ата-аналарымен кездесуді армандайды.

Фильмде балалар өздерін қалай асырап алғандары жайында және бұған коррупцияның да қатысы барын айтып беретін сәттері бар.

Оның айтуы бойынша, асырап алғаннан кейін Қазақстанға қайтып келген балалар жайында тағы бір фильм түсірмекші. Режиссер әрі қарай да деректі фильмдер түсірумен айналысатынын айтты.

Еске сала кетсек, 1999 жылдан бері шет елдіктер елімізден 8805-ден аса жетім асырап алған болатын. Елімізде сол балалардың әрқайсысының тағдырына алаңдайтын азаматтардың бары қуантады.  

Аударған: Гүлім ЖАҚАН

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір