• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:53:34
Алматы
+35°

25 Қаңтар, 2018 Кәсіпкер

Шетелде жүріп өз кәсібін өркендетіп отырған қазақстандықтар аз емес. Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі солардың бір парасын назарларыңызға ұсынбақ.

Гаухар Ассион

Гаухар

Гаухар Ассион Францияда жекеменшік «Chez Mademoiselle» мейрамханасын ашқан. Мейрамхананың нарықта өз орнын ойып алғанына сегіз жылдан астам уақыт болған. Басында француз тағамдарын ұсынған Гаухар қазір еуропалықтарға қазақтың ұлттық ас мәзірін танытып отыр. «Chez Mademoiselle» мейрамханасы – Франциядағы ең ірі мейрамхананың бірі.

Осыдан 17 жыл бұрын қоныс аударған Гаухар елімізде заңгер мамандығы бойынша білім алған екен.

Назим Палташев

Бизнес

Назим Палташев – АҚШ-тағы «Soul of Nomad» сән үйінің басшысы. Назим 2016 жылдан бері сәнді киім тігу нарығында жүр. «Soul of Nomad» сән үйі Forbes журналының үздік рейтингіне кірген.

Назим Алматы қаласында дүниге келген. Ең қызығы, өнеркәсіптік инженер мамандығын бітірген. Осы мамандығы өзінің брендін қалыптастыруға көмектесіпті. Назим 2012 жылы Алматыдағы пәтерін сатып, Америкаға көшіп кеткен. Содан кейін өзінің сән үйін ашуға бел буған.

Саида Таукелева

Саида

Саида Таукелева – Грузиядағы «MMA Georgia» мен Армениядағы «MMA Armenia» сақтандыру компаниясының басшысы. Компанияның нарыққа шыққанына алты  жылдан асыпты. Саида Қазақ мемлекеттік  университетінің кәсіпкерлік құқық факультетінде алған мамандығын оқыған.

Наталья Захарова

Наталья

Наталья Захарова Қарағанды қаласында туған. Сол қаладағы ағылшын тіліне бейімделген №3 мектепті бітірген. Италияда жоғары білім алған.

Наталья – Италиядағы бизнесі қабылдау туроператоры. Нақтырақ айтсақ, ол Италияға келгендерге экскурсия жасатып, қонақ үй тауып береді. Натальяның туристік компаниясы 2013 жылдан бері нарықта келе жатыр.

Салтанат Мұхтарова

Салтанат

Салтанат Мұхтарова – «Грузиядағы демалыс» туризм агенттігінің негізін салушы. Төрт жылдан бері осы салада еңбек етіп келеді.

Салтанат Ломоносов атындағы Мәскеу мемлкеттік университетінің география факультетінде оқыған. Бала күнінде саяхаттауды армандаған Салтанат бүгінде сол арманына қол жеткізді.

Серікбай Бисекеев

Серікбай

«Арман» холдингінің президенті. Серікбай Бисекеев – Ресейдегі ең белді бизнесменнің бірі. Ол – тек Ресейде ғана емес, бүкіл әлемде бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық өнім шығаратын ірі корпорация құрған азамат. Серікбай Қостанай облысындағы Қамысты ауылында дүниеге келген.

Серікбай Бисекеев «Жыл кәсіпкері – 2012» халықаралық байқауында  ресейдегі финалистері қатарына кіріп, «В2В» номинациясында марапатқа ие болды. 

Aknur Mukhtarkhan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір