• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:41:46
Алматы
+35°

29 Қыркүйек, 2018 Аймақтар

Шетел шеберлерінің қатысуымен Республикалық Практикумның ашылу салтанаты өтті

Практикумның басты қонақтары – Шота Руставели атындағы Тбилиси мемлекеттік театр және кино университетінің ректоры

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай Қазақстан театрлар  Ассоциациясы ұйымдастырған еліміздің театр өнері қайраткерлерінің және шетел шеберлерінің қатысуымен Республикалық Практикумның ашылу салтанаты өтті.

Қазақстан театрлар практикасына театрдың заманауи формаларын таныстыру мен енгізуге, еліміздегі барлық драмалық және музыкалық-драмалық театрлардың дамуы мен байланысын  нығайтуға, талантты шығармашыл жастарға қолдау көрсетуге, театр режиссерлері мен  өнер қайраткерлерінің кәсібилігін арттыруға  және тәжірибе алмасуға бағытталған  Республикалық Практикумның еліміздің түкпір-түкпірінен режиссерлер мен актерлер қатысып жатыр.

Практикумның басты қонақтары – Шота Руставели атындағы Тбилиси мемлекеттік  театр және кино университетінің ректоры, А.С.Грибоедов атындағы орыс драма театрының бас режиссері, профессор Маргвелашвили Георгий Нодарович пен Халықаралық  театр фестивалінің «Үздік сценография» номинациясының жеңімпазы, Әлемдік Прага Квадриеннале лауреаты Тамара Окихян.

Аталмыш Практикумға қатысушылар А.Чеховтың «Апалы сіңілілі үшеу» пьесасы негізінде үзінділер көрсетіп, практикалық жұмыс істейді. Шара соңында Практикум қатысушыларына арнайы сертификат табысталады.     

Айта кетейік, еліміздің театр өнері қайраткерлерінің және шетел шеберлерінің қатысуымен өтетін Республикалық Практикум 1 қазанға дейін жалғасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір