• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:23:30
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2019 Ғылым-білім

Шешім қабылдауда, нақтырақ айтсақ, шұғыл әрі дұрыс шешім қабылдауда қарапайым адамдардың көпшілігі қиналатыны өтірік емес. Уоррен Баффеттің айтуынша, тамаша шешім қабылдаудың қажеті жоқ, бар болғаны нашар әрі пайдасыз шешімдерден бас тарта алсаңыз болды.

Сізге, оқырманға бір көмегі тиер деген мақсатта біз дұрыс шешім қабылдаудың кілттерн, негізгі принциптерін түгелдеп беретін 5 кітапты ұсынып отырмыз. Оқып, керегіңізге жаратыңыз.

   1. "Сердце перемен. Как добиваться изменений легко и надолго", Чип Хиз және Дэн Хиз

Кітап №1

Ішкі қарсылықтарды ескеріп, қажет болған жағдайда жеңіп, жетістікке жетудің құпияларын ағайынды Хиздар үйретеді. Олардың түсінігінде адам эмоциялық және ақыл-ой арасындағы балансты сақтай білуі тиіс.

  1. "Теория игр. Искусство стратегического мышления в бизнесе и жизни", Авинаш Диксит, Барри Нейлбафф

Кітап №2

Ойын теориясы – ойлау жүйеңді бірізділікке түсіріп, жасайтын әрекеттерді алдынала біліп отыруға көмектесетін ғылым десек те болады. Кітапта біздің әрекеттерімізді абсолютті болжауға болатынын дәлелдейтін бірнеше мысалдар келтірілген.

  1. "Сетка. Инструмент для принятия решений", Мэтт Уоткинсон

Кітап №3

Тор – автордың оқырмандарына ойда піскен немесе шұғыл шешім қабылдар сәтте қолдануға ұсынатын аналитикалық моделі. Бұл кітап кез-келген басқарушылық жауапкершілігі бар адамдарға бағалау және нәтижелер өзгерісін бағамдау үшін қажет.

  1. "Думай медленно – предсказывай точно. Искусство и наука предвидеть опасность", Дэн Гарднер, Филип Тетлок

Кітап №4

Оң шешімдерді қабылдау барысында, мәселені түрлі бағыттан зерттеу кезінде қолданылуы тиіс әдістәсілдер турасында Дэн Гарднер мен Филип Тетлок бірқатар кеңестер береді. Оқыңыз! Өкінбейсіз!

  1. "Гениально! Инструменты решения креативных задач", Эдвард де Боно

Кітап №5

Алабөтен ойлау жөніндегі әлемде теңдесі жоқ сарапшы Эдвард де Боно оқырмандарына жеке өмірде және кәсіпте дұрыс шешім қабылдаудың түрлі инструменттері мен керемет тәсілдерін көрсетеді.

Аударған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір