• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:18:04
Алматы
+35°

23 Қаңтар, 2019 Әлеумет

Шешенстан Республикасы Ұлттық саясат министрлігінің басшысы Жанболат Умаров кеше сөз сөйлеп, «бұзақылық жасаған азаматтар елдің телеарнасы арқылы халықтан кешірім сұрау керек» деп мәлімдеді. Ол үшін алдағы уақытта телеарнадан арнайы айдар ашылмақ. Ол қалай аталады, ол жағы әлі ашып айтылған жоқ.

Ал мұның себебі неде? Жанболат Умаровтың айтуына қарағанда, қазіргі кезеңде интернет, әлеуметтік желі арқылы жалған мәліметтер таратып, халықты әбігерге салып жатқандар азаймай отыр. Тіпті өткенде кәріз құбырлары арқылы судың уланғаны туралы ақпарат тарап, халық әбігерге түсті. Шешенстанда мұндай бұзақылық, алаяқтық сипатта жасалынатын оқиғалар өте көп. Сондықтан да мұның алдын алу керек. Халықты әбігерге салатын мұндай бұзақыларды табу қиын емес. Жазасын алып, айыппұлын төлер, бірақ алдымен елдің алдына шығып, кешірім сұрауы тиіс. Әрине, бұзықты орталық алаңға әкеп кешірім сұратуға болар, бірақ бұл өркениетті жол емес. Сондықтан жалпы жұртқа зиян келтірген оқиға туралы ел хабардар болғаны жөн. Ол үшін оны жасаған адам өзінің жағымсыз ісіне ұялып, кешірім сұрауы тиіс. Ал оның ең дұрыс жолы телерна арқылы халықтан кешірім сұрау, бұдан былай оны жасамауға уәде беру. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқан азаматтың суреті жарияланып, тәртіп бұзушы газет оқырмандарынан да кешірім сұрайды.

Алайда Шешенстан Республикасы Ұлттық саясат министрлігінің басшысы Жанболат Умаров  «бұл бұзақылық әрекетпен күресудің төте жолы емес, дегенмен әр адам қоғамға, халыққа зиян келтіріп отырғанын алдымен сезініп, осылай ұялуы тиіс» деп есептейді.

Осыдан біраз уақыт бұрын шешен президенті Рамзан Қадыров қоғамдық көлікте үлкен кісіге орын бермей, оны балағаттаған шешен жігітін өзіне шақырып алып, телеарнадан кешірім сұратқаны белгілі. Енді міне аталған әдісті министрлер де қолдана бастады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір