• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:33:37
Алматы
+35°

10 Қазан, 2018 Әдебиет

Шерағаңның тақиясы...

Бір күні Алматыда тұратын бір жақсы інісіне Астанадан арнайы зерлі тақия алып келіпті.

Шіркін, Шерағаң! Айтқыш еді ғой. 
Бір күні Алматыда тұратын бір жақсы інісіне Астанадан арнайы зерлі тақия алып келіпті. Ол тақияны өзім де көрдім. Барынша зерленген, оюлы тақия. Тым қымбат тұрады-ау?! Сол «жақсы» інісі серілік құрып, шарап ішіп, қыз қуып жүріп, Шерағаңның кигізген қымбат тақиясын жоғалтып алыпты. «Саунаға барып, екі қыздың ортасында демалып едім...» дейді. Осы жағдайды айтқанымда Шерағаңның қылыш қастары қайшыласып, тікенек мұрты тікірейіп кетті. Маған әлгінің телефонын терші деді. Теріп бердім. Сондағы ілезде суырып салып, күркіреп тұрып айтқаны ғой:
– Әй, батырым!
Кез болып екі қызға қапияда,
Ие бола алмай қапсың ғой тақияңа.
Әр жерге тақия тастап кететіндей,
Немене, үйіңде тақия дақұя ма?
Шерағаңның табан астында айтқан тапқыр өлеңіне ішегім қатқанша күліп ем сонда. Сол күндерді енді сағынамыз-ау! Қайран, Шерағам-ай! Жатар жеріңіз торқа болсын!

Темірғали Көпбай

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір