• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:10:35
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2019 NEWS

Шенеунік: Пайғамбарымыз аңқау, Хадиша анамыз шатақ шығаруға бейім болған

“Тіпті бір әйелге ие бола алмаған ынжық ерлер мен күйеуінің мойнына есекке мінгендей отырып алатын көкбет әйелдер ғана көп әйел алуға қарсы шығады”

Пайғамбар туралы пікір жазып, қолданушылардың ашу-ызасына тап болған өзбек шенеунігі өміріне қауіп төнгендіктен кезектен тыс демалысқа кетуге мәжбүр болды. Өзбекстан президенті әкімшілігі жанындағы баспасөз және ақпарат агенттігі директорының орынбасары Наргиза Рахимованың үйіне арнайы қызмет өкілдері күзет қойған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі azattyq.org сайтының дерегін негізге ала отырып.

35 жастағы Наргиза Рахимова 8 наурыз мерекесі қарсаңында Азаттықтың Өзбек қызметінің Facebook-тағы парақшасында мұсылмандардың көп әйел алуы жайлы жазба астына пікір қалдырғаннан кейін сынға ұшыраған.

ДАУДЫҢ БАСЫ...

Дау Hayot Baxtiyor O'gli есімді қолданушының төмендегідей пікірінен басталған.

“Тіпті бір әйелге ие бола алмаған ынжық ерлер мен күйеуінің мойнына есекке мінгендей отырып алатын көкбет әйелдер ғана көп әйел алуға қарсы шығады” деп жазды ол.

Ал Наргиза Рахимова оған “Хадиша анамыз тірі кезінде Пайғамбарымыз екінші әйел алған жоқ. Білмеймін, бәлкім ол кезде аңқау болған шығар, мүмкін Хадиша анамыз шатақ шығаруға бейім болды ма екен, бұл жағын сіз жақсырақ білесіз ғой. Хазірет Әли де Фатима анамыз тірі кезінде екінші әйел алмаған. Бұл әрине, өте күлкілі жағдай ғой” деп жауап берген.

Осыдан соң шенеунікке қарсы ондаған комментарий мен видеомәлімдеме пайда болып, кейбірі Рахимованы "өлтіреміз" деп те қорқытқан. Қоқан-лоқы сипатындағы пікірлер арасында оның күйеуі мен төрт баласына қарсы бағытталған комментарийлер де болған.

Ал Өзбекстанның құқық қорғау органдары комментарий авторларын анықтай бастаған.

Кейінірек наурыздың 9-ы күні жергілікті Azon TV арнасы Наргиза Рахимованың көптен кешірім сұраған видеомәлімдемесін жариялады.

“Мен, Құдайдың қарапайым құлы ретінде барша мұсылмандарға көптің ашуын туғызған пікірлерім үшін шын ниетпен кешірім сұраймын” деген ол видеомәлімдемеде.

Қоқан-лоқыға байланысты ол әлеуметтік желідегі барлық аккаунттарын өшіріп тастаған.

Fergana сайты Өзбекстан президенті  Шавкат Мирзиеевтың виртуалды қабылдауына Рахимованы жазалауды талап еткен жүздеген шағым түскенін жазды. 

Ал Өзбекстанның дін істері жөніндегі комитеті "азаматтардың діни сеніміне тіл тигізу заңда көрсетілген тәртіппен жазаланатыны" туралы мәлімдеме жасаған.

Әзірге шенеуніктің "жазаланған-жазаланбағаны" туралы дерек жоқ.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір