• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:08:28
Алматы
+35°

12 Сәуір, 2017 NEWS

ШЕКАРАДА ТОНАЛҒАН ЖЕСІР ӘЙЕЛДІҢ АҚШАСЫ ТОЛЫҚ ҚАЙТАРЫЛМАЙТЫН БОЛДЫ

Шекарада 50 мың долларынан айрылған жалғызбасты әйелдің ісіне қатысты алғашқы сот үкімі шықты. Қытайдағы үйін сатып, Қазақстаннан баспана аламын деп келе...

Шекарада 50 мың долларынан айрылған жалғызбасты әйелдің ісіне қатысты алғашқы сот үкімі шықты. Қытайдағы үйін сатып, Қазақстаннан баспана аламын деп келе жатқанда "контрабандашы" атанған Гүлжан Мәуітханға 9 900 доллары ғана қайтарылатын болды деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі 31.kz-ке сілтеме жасап.

Алайда, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық соты жалғызбасты әйелді 234-бап бойынша айыпты деп таныған. Сондай-ақ, 68 мың теңге айыппұл салыпты. Ал, қалған 40 мың доллар әзірге мемлекетке кіріс болып бекітілген. 

Айта кетейік, қандасымыздың басындағы қиын жағдай "Қамшы" ақпараттық агенттігінің назарынан тыс қалмаған. Бұған дейін Гүлжан Мәуітханның ақшасы қайтарылатынын қуана хабарлағанбыз. Белгілі болғандай, сот тек 9 900 долларын ғана қайтарып беру туралы шешім шығарыпты. Алайда өз ақшасын толықтай қайтару үшін Гүлжан Мәуітхан енді жоғары инстанцияларға жүгінбекші екен. Іс оң шешімін табады деп сенеміз. Алдағы уақытта да қандасымыз Гүлжан Мәуітханға қатысты  ақпаратты оқырманға хабарлап отырамыз. 

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір